Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Екібастұзда 6 кәсіпкерден заңсыз салық алынған

Құқық
Екібастұзда 6 кәсіпкерден заңсыз салық алынған

Екібастұз қаласының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.


Үлгілік ережелерге сәйкес (ҚР ҰЭМ 16.01.15ж. №17 бұйрығымен бекітілген) мемлекеттік мекеме теңгеріміне бекітілген мүлікті сенімгерлік басқаруға тапсыру шаруашылық жүргізуші субъектіні (сенімгерлік басқарушыны) мүлік салығынан босатады.

Алайда Экономика және қаржы бөлімі шарт жасасу кезінде бизнес қауымдастығын мүлік салығын төлеуге заңсыз міндеттеген.

Қадағалау актісі бойынша 6 кәсіпкер мұндай міндеттемелерден босатылып, оларға 4,4 млн теңге төлем қайтарылды. Кінәлілер тәртіптік жазаға тартылды.

Фото: Gov.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу