freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Екінші мүмкіндік бере ме?" – Журналист Руслан Өтепбай Зүлфия Төленова ісіне қатысты жаңа деректерді айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"Екінші мүмкіндік бере ме?" – Журналист Руслан Өтепбай Зүлфия Төленова ісіне қатысты жаңа деректерді айтты (ВИДЕО)
Alash.kz коллажы

Белгілі журналист Руслан Өтепбай бұған дейін қоғамда қызу талқыланған Зүлфия Төленова ісіне қатысты жаңа жайттарды көтерді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, осыдан жеті жыл бұрын "Астарлы ақиқат" бағдарламасында көрсетілген Қапиза Шумаеваның отбасы тарихы қайтадан күн тәртібіне шыққан.

Кезінде үш баласын басқа адамның қамқорлығына беруге мәжбүр болған ана бүгінде қыздарын өз қолына қайтаруға әрекет етіп жатыр. Қамқоршы тарапынан балаға қол көтеру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның жаңа қырлары ашыла бастаған.

Қазіргі уақытта анаға заңдық көмек көрсетіліп, балаларды туған отбасына қайтару мүмкіндігі қарастырылуда.

"Осыдан тура 7 жыл бұрын "Астарлы ақиқат" бағдарламасында Қапиза Шумаева өз тағдырын бүкіл елге жайып салған еді. Сол кезде ол үш бірдей баласын Зүлфия Төленованың қамқорлығына беруге мәжбүр болған. Алайда уақыт өте шындықтың екінші беті ашылды…

Таяуда Төленова сол балалардың біріне қол көтеріп, арты қылмыстық іске ұласты. Қазір Қапизаның екі қызы Тараз қаласындағы бейімдеу орталығында. Ал тұңғыш ұлы Борис кәмелетке толғандықтан, анасының жанында. Қапиза өткен қателігін түсініп, өмірін жаңадан бастауға бел буған. Оның жалғыз арманы – екі қызын өз бауырына қайтару. "Балалар жетімдер үйінде емес, туған анасымен өсуі керек", – дейді ол.

Енді басты сұрақ: Сот анаға екінші мүмкіндік бере ме? Біз бұл іске бей-жай қарамаймыз. Өз тарапымыздан адвокат жалдап, Қапизаның қыздарын қайтарып алуына барынша қолдау көрсетеміз", – деп жазды Руслан Өтепбай.

Бұған дейін журналист Руслан Өтепбай қарындасына арнап әсерлі жазба жариялаған еді. Ол қарындасы тұрмысқа шыққалы үйдің бір бұрышы бос қалғандай күй кешетінін айтып, сағынышын жеткізген болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу