4832 пәтер салынбақ!

  • 14.04.2021

Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметовтің  айтуынша, биыл бюджет есебінен 42,5 млрд теңгеге 112 нысанның құрылысы жоспарланған.

«Нұрлы жер» бағдарламасымен 79 көпқабатты (4832 пәтерлі, жалпы көлемі 287,1 мың шаршы метр) тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде: арендалық – 14 үй (768 пәтер), кредиттік – 65 үй (4064 пәтер).

Құрылыс басқармасы басшысының айтуынша, жалпы бөлінген қаржы – 25,6 млрд теңге. Биыл 39 үй пайдалануға беріледі (2432 пәтер, 141 мың шаршы метр). Яғни, кредиттік 33 үй, арендалық 6 үй пайдалануға тапсырылады. 3 айдың қорытындысы бойынша 2,9 млрд теңге қаржы игерілген.

Тұрғын үй құрылыс жұмыстары негізінен Тұран шағынауданы мен Әкімшілік-іскерлік орталығында жүріп жатыр.   Тұран шағынауданында 2021 жылы 61 тұрғын үйдің (3848 пәтер) құрылысы жүрмек.  

 

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады