АЭС құрылысы: шорт-листке 4 ірі компания кірді

Мәди Саматұлы

  • 31.01.2025

Қазақстан атом электр станциясын (АЭС) салу үшін технологияларды жеткізушілермен жүргізген бәсекелестік диалогын аяқтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Энергетика министрлігі мәлімдеуінше, АЭС құрылысына қажетті технологияларды жеткізетін әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізімін жариялаған. Оған «Росатом» мемлекеттік корпорациясы, кореялық KHNP компаниясы, қытайлық CNNC және француздық EDF компаниясы енген.

Алайда, министрлік жеткізушіні немесе консорциумды таңдау жөнінде шешім әлі қабылданбағанын атап өтті.

Қорытынды шешім 2025 жылы Қазақстанның ұлттық мүдделерін, халықаралық нормаларды және міндеттемелерді ескере отырып қабылданады, деп жазылған министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар, 21 қаңтарда Қазақстан делегациясы, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің жетекшілігімен Ресейге жұмыс сапарымен барған. Бұл сапар бәсекелестік тендерге қатысушылардың ұсыныстарын бағалау бойынша келіссөздер сериясының соңғы кезеңі болды. Бұған дейін 2024 жылдың қазан айы мен желтоқсан айы аралығында Қазақстан делегациясы Корея Республикасына, Францияға және Қытайға жұмыс сапарларын ұйымдастырған еді.

Фото: Malim.kz

Байланысты жаналықтар

«ҚазМұнайГаз» Атыраудағы ірі өндіріс орнын ресейлік компанияға сатты

13.04.2025

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

30.03.2025

Шығыс Қазақстанда екі әуежайдың құрылысы басталды

28.03.2025

Ірі қазақстандық компаниялар 17 млрд теңге салық төледі

12.03.2025

Петропавлда құрылысшы 20 метр биіктіктен құлады

12.03.2025

Қазақстан АЭС салуға қаржыны қайдан алады?

04.03.2025
MalimBlocks
«ҚазМұнайГаз» Атыраудағы ірі өндіріс орнын ресейлік компанияға сатты

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды

Шығыс Қазақстанда екі әуежайдың құрылысы басталды

Ірі қазақстандық компаниялар 17 млрд теңге салық төледі

Петропавлда құрылысшы 20 метр биіктіктен құлады

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Қазақстан АЭС салуға қаржыны қайдан алады?