Ауғанстан Қазақстан астығының дәстүрлі нарығы

  • 14.10.2021

«Саудада достық жоқ» деген сөз бар. Бұл осы уақытқа дейін өзін сан мәрте дәлелдеген ақиқат сөз. Әрине, саудаластым екен деп ешкіммен жауығып кетпейсің. Алыс-берісте ешқандай сезімге, ешқандай эмоцияға орын жоқ, тек салқын сабыр мен тастай есеп болса жетіп жатыр. Ұстамдылық тұрғысынан алғанда сауда адамдарды жақындастыратын ең бір маңызды сала. Бұл өлшем адамдардан асып, мемлекет аралық қарым-қатынасқа келгенде тіпті арта түседі. Халықаралық сауда-саттықта экспортың көп болса мұртыңды балта шаппайды. Ал, оны кімге сатасың, қалай сатасың, ол екінші кезектегі мәселе. Бастысы, өніміңді өткізу, солл арқылы пайда табу.

Халықаралық алыс-берісте нарықты жаулау деген сөз бар. Егер сен белгілі бір аймақтың немесе жекелеген мемлекеттердің нарығын өзіңе қарата алсаң, демек, өніміңді қорықпай өндіре беруіңе болады. Жері құнарлы, климаты қоңырдай есептелетін Қазақстан үшін өнімді өсіруден гқрі оны өзге елдерге экспорттау көбірек күшке түсетіні шындық. Сол себепті, әр бір ашылған көкжиекке, әрбір ашылған нарыққа қуана көз салуымыз керек. Ауғанстандағы нарықтың қайта ашылуы да түптеп келгенде Қазақстанның ұны мен астығы үшін зор мүмкіндік деуге болады.

Жақында ғана билігі ауысқан ауғанстанға Қазақстан гуманитарлық көмек көрсетеміз дегенде, астық пен ұн сатамыз дегенде жұрт арасында «бұл қалай болғаны, сонда тәліптермен дос боламыз ба?» деген сөздер аз айтылған жоқ. Сөз басындағы «саудада достық жоқ» деген сөзді не үшін айтып отырғанымыз енді түсінікті болған шығар.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша:

«Жыл сайын Қазақстан әлемнің түрлі елдеріне экспортқа 7-8 млн тонна астық пен ұн жібереді. Бұл ретте Ауғанстан негізгі емес, қазақстандық бидай мен ұнды өткізудің басты және дәстүрлі нарықтарының бірі болып табылады. 2020 жылы бұл елге мақалада көрсетілгендей 3,2 млн тонна емес, ҚР-да өндірілген 2 млн тоннадан астам астық пен астық эквивалентіндегі ұн жөнелтілді. QazTrade деректері бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін 300 ұн экспорттаушының 183-і өзге нарықпен және ауған нарығымен де өзара іс-қимыл жасауда. Тағы 49-ы тек Ауғанстанға жүк жөнелтумен айнлысады. Экспорттаушылардың жолға қойылған көлік дәліздері мен жаңа билік кезінде де жұмысын жалғастырып жатқан бизнес-байланыстары бар. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Солтүстік Ауған провинциялары – Балх, Бағлан, Тахар және Құндыз, сондай-ақ астаналық аймақ және Қабул қаласы пайдаланатынын айта кету керек».

Әрине, Ауғанстандағы саяси ахуал барлық әріптес елдермен, оның ішінде Қазақстанмен де сауда операцияларының тоқталуына әкелді. Бірақ, бұл уақытша қиындықтар болатын. Саяси ахуал ушығып, қауіпсіздік мәселесі алдынғы орынға шыққанда шекаралар жабылады, күзет күшейтіледі. Оның үстіне, сатушы тарап жіберген тауардың діттеген жеріне жетуі де қауіпті болуы әбден мүмкін. Демек, бұл жерде де өз қамыңды өзің ойламай болмайды.

«Алайда, қазіргі уақытта проблемалар шешілді: транзакциялар үшінші елдердің банктері арқылы жүзеге асырылады, вагондарды жөнелту қалпына келтірілді. Қыркүйек пен қазан айының басында Қазақстаннан Ауғанстанға 60,2 мың тонна ұн мен 15,6 мың тонна астық жөнелтілді. Кейін жеткізу қарқыны артатын болады. Бұл ретте, ұн тартушылар үшін өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында тиісті жағдайлар жасалатын болады. Мысалы, экспорт кезінде ҚҚС-ты жедел қайтару. Өңделген өнімді тасымалдауға мемлекеттік қолдау шаралары да қарастырылған», - делінген ведомствоның ресми сайтында жарияланған ақпаратта.

Яғни, дүрлігетін ештеңе жоқ. Бұрын да Ауғанстанға ұн мен астық экспорттап келгенбіз, әлі де жалғаса береді. Бұл өзге елдің жаңа билігімен ауыз жаласу емес, керісінше, билігі ауысып, әрі-сәрі күйде тұрға ауған халқына қолдау көрсету деп есептеуге болатын жайт. Ведомство басшылары, керісінше, аграрийлерге сауда-саттық пен экспорт  көлемін арттыра түсуді ұсынып отыр. Демек, бұл тарапта қауіпсіздік мәселелері толықтай ескерілген деуге болады.

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда ақша айырбастау ережелері өзгерді

21.02.2025

Елімізде зейнетақы мен жалақы өседі

21.02.2025

Бюджетке 135 млрд теңге қайтарылды: Президент Әлихан Смайыловты қабылдады

21.02.2025

Үкімет өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай жұмыс атқарады?

21.02.2025

Доллардың бүгінгі бағасы белгілі болды

21.02.2025

«Алматы көшбасында». Қазақстан азаматтары айыппұл төлеуден рекорд жаңартты

21.02.2025
MalimBlocks
Қазақстанда ақша айырбастау ережелері өзгерді

Елімізде зейнетақы мен жалақы өседі

Бюджетке 135 млрд теңге қайтарылды: Президент Әлихан Смайыловты қабылдады

Үкімет өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай жұмыс атқарады?

Кеңеске еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері қатысты

Доллардың бүгінгі бағасы белгілі болды

«Алматы көшбасында». Қазақстан азаматтары айыппұл төлеуден рекорд жаңартты