Әлеуметтік желідегі соңғы уақыттағы қызу талқылаулардан кейін бұл жолы әңгіме әнші Еркін Нұржан туралы болып отыр, деп Malim.kz тілшісі Democrat.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Threads әлеуметтік желісінде Асыл Қосбайқызы есімді қолданушы танымал әншіге қатысты көпшілік білмейтін деректі бөлісті.
"Айтпақшы, Еркін Нұржановтың "Аягөз" әні алғашқы жарына арналған ғой. Ол оқиға қазір болса, нағыз хит жаңалық болар еді. Тараздық бір танысым: "Нағыз оңбаған, тым жақсы қыздың өмірін құртып кетті" деп айтқан еді. Рас шығар, кім білсін... Интернет дамымаған кездерде талай нәрсе жабулы қалды. Қазір де шыдамды әйелдер бар, бір күні бәрі белгілі болады ғой", – деп жазды ол.
Бұл жазба астында пікір қалдырғандардың бірі Еркін Нұржановтың кәмелеттік жасқа толмаған қызға үйленгенін де атап өтті.
