WTA Finals турнирінің топтық кезеңіндегі соңғы ойында Елена Рыбакина (WTA №6) ресейлік Екатерина Александровадан (WTA №10) 6:4, 6:4 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Malim.kz.
Александрова бұл жарысқа АҚШ өкілі Мэдисон Киздің (WTA №7) вирус жұқтырып, жарыстан шығып қалуына байланысты қосалқы ойыншы ретінде қатысқан еді. Кездесу 1 сағат 10 минутқа созылды.
Бұған дейін Рыбакина Аманда Анисимованы (2:0) және Ига Швентекті (2:1) жеңіп, турнирдің жартылай финалына жолдама алған алғашқы теннисші атанған болатын. Ол — WTA Finals жартылай финалына шыққан Қазақстан тарихындағы тұңғыш теннисші.