Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Дәрігер, балшы-балгер, бәрінен өттім": Дана Нұржігіт жеке өмірі туралы айтты

Қоғам
"Дәрігер, балшы-балгер, бәрінен өттім": Дана Нұржігіт жеке өмірі туралы айтты
ашық дереккөзден

Белгілі журналист және тележүргізуші Дана Нұржігіт ұлының туған күніне орай жүрек тебірентер жазба жариялап, баласының "Әлім" есімінің қойылу тарихын айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

"Баламның туған күні осыдан 15 жыл бұрынғы күндерді еске салады. Мен оны 10 жыл күттім. Дәрігерге де, балшы-балгерге де бардым. Көп үміт, көп көз жасы, ақырында Алланың рақымымен баламды көтердім. Бірақ 5 айлығында дәрігерлер "бір өкпесі суға толған, өмірі екіталай" деді. 8 айға толғанда тағы қаралдым – "күту керек, өкпесі әлі толық дамымаған, есімін қойдыңыз ба?" деп сұрады. Мен жоқ дедім. "Бала жерге өз есімімен түскені жақсы", – деді дәрігерім", – деп жазды ол.

Журналист сол сәтті еске алып, ұлының есімін қалай таңдағандарын баяндады.

"Үйге келіп, жолдасыма айттым. Содан есім іздей бастадық. Ұлтаралық некеден туған бала болған соң Алан, Тайыр, Мансұр, Тимур деп келе жатып, мен “Әлім” қойсақ қайтеді дедім. Володя бірден келісті. “Біздің қарашайларда да Әлім есімі кең таралған, сенің де руың Әлім. Оған қоса, баламыз дәрігерлердің ғылым-білімінің арқасында өмірге келеді. Ал араб тілінде "ғылым" – "ілім", "әл-‘ильм" емес пе?! Болды, баламыздың аты – Әлім болсын!" – деді ол.

Дана Нұржігіт баласын дүниеге әкелген сәтті де тебірене еске алды.

"Босанған сәтте Володя баланы видеоға түсірмек болып, камерасын асынып алған еді, бірақ оны қосуға да шамасы келмей қалды. Баланы бірден реанимацияға алып кетті. Мен наркоздан оянғанда ғана бәрін білдім. 8 айлық сәбиімді дәрігерлер бір ай бойы баптап, 9 айлықтай етіп қолыма берді. Сол ақ халаттыларға өмір бойы ризамын! Бас иемін!" – деп жазды ол.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу