"Баспана хит" пен "7-20-25": Тұрғын үй бағасы арзандай ма?

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 24.05.2021

Тұрғын үй бағасын реттеу мәселесі үкіметтің «Баспана хит» және «7-20-25» бағдарламаларынан бас тартуымен шешіле ме?

Мамырдың 19-ы күні қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мадина Әбілқасымова 2021-2022 жылдары «Баспана хит» және «7-20-25» тұрғын үй бағдарламаларын қаржыландыру тоқтатылатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, Ұлттық Банк 2023 жылдан бастап тұрғын үй нарығынан толықтай шығады.

«Дағдарыстың экономикаға әсерінің төмендеуін ескере отырып, нарықтық принциптерге жол бере отырып, мемлекеттің несие беру бағдарламаларынан біртіндеп шығуын қамтамасыз ету маңызды. Осыған байланысты Ұлттық Банктің 2023 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудан шығуы көзделген. «Баспана хит» бағдарламасын қаржыландыру 2021 жылы, «7-20-25» бағдарламасын қаржыландыру 2022 жылы тоқтатылады деп жоспарлануда», - деді Әбілқасымова.

Экономист Мақсат Халық Ұлттық Банктің тұрғын үй нарғынан кетуі дұрыс шешім деп есептейді. Бірақ ол бұл бастама үкімет өзіне жүктелген міндеттерге толыққанды жауап берген уақытта ғана жұмыс істейді дейді.

«Бір ғана тұрғын үй нарығында 7-8 оператор жұмыс істейді. Бұл нарықтық экономика заңдылықтарының бұзылуына септігін тигізіп тұр. Ұлттық Банк нарықтағы жағдайды түсініп отыр. Сол себепті де бұл бағдарламалардан шығатынын мәлімдеді... Ұлттық Банктің инфляцияны таргеттеу деген саясаты бар. Ол қысқа мерзім ішінде, арнайы дәлізде инфляцияны 4 пайыз деңгейіне дейін түсіру. Егер осы мақсат орындалса, онда оның артынан базалық мөлшер деңгейі де төмендейтін болады. Ол 5-6 пайызға төмендейтін болса, онда екінші деңгейдегі банктердегі несиелердің пайыздары түседі. Онда тұрғын үй нарығында мемлекеттік бағдарламалардың керегі де болмай қалады. Біз түбінде осыған келуіміз керек. Бірақ ол үшін Ұлттық Банктің бұл бастамасында нәтиже болуы қажет. Шын мәнінде инфляцияны 4 пайызға дейін ауыздықтау бір ғана Ұлттық Банктің қолынан келмейді. Ол үшін үкімет ақшаның құнын артыру арқылы, тауарлардың бағасын тұрақтандыру арқылы қолайлы жағдай жасауы керек», - дейді Халық.

Мақсат Халық сөзінше, тұрғын үй саласын нарықтық экономика заңдылықтарына жауап беретіндей деңгейге жеткізу үшін 3-4 жыл қажет. Бірақ ол үшін үкімет көзбояушылықпен айналыспауы керек.

«Бізде үкімет көбінде «неге инфляцияны ұстамайсыңдар» деп Ұлттық Банкті кінәләйді. Бірақ ол үкіметтің өзінің кінәсі. Неге? Себебі үкімет осыған дейін қаншама бағдарлама қабылдады. Бірақ оның ешқайсысы нәтиже берген жоқ... Үкімет бізде бағаны күшпен реттегісі келеді. Әкімдер мен министрлер базар аралап, бағаны қадағалап жүргендей болады. Бірақ оның барлығы көзбояушылық. Идеалды жағдайда тұрғын үй саласын нарықтық экономика заңдылықтарына жауап беретіндей деңгейге жеткізу үшін 3-4 жыл жеткілікті», - дейді ол.  

Мақсат Халық үкіметтің «Баспана хит» және «7-20-25» бағдарламаларынан бас тартуы бюджет тапшылығынан емес дейді. Бірақ егер үкімет ұлттық қордан қаржы алуын жалғастырса, онда ол алдағы 3-4 жылда бұндай бағдарламаларды қаржыландыруды былай қойып, оны ойлап табуға қауқарсыз деңгейге жетеді дейді.

2020 жылы «Баспана хит» және «7-20-25» бағдарламалары арқылы Қазақстан бойынша 34 549 адам баспана алған. Берілген несиелер көлемі 349,7 миллиард теңгені құраған. Аталмыш бағдарламалар бойынша алғашқы несиелер 2018 жылдан бастап беріле бастаған.

 

 

Байланысты жаналықтар

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

16.11.2024

Алданып несие алғандарға көмек көрсетіледі

12.11.2024

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы өзгерді

08.11.2024

Депутат: Халықтың 80 пайызы қарызға батқан

30.10.2024

Енді алаяқтық жолмен рәсімделген несиені банктер өзі өтейтін болады

16.10.2024

«Несиеңізді қайтарыңыз!». Коллекторлардың демалыс күні қоңырау шалуы заңды ма?

16.10.2024
MalimBlocks
Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Қазақстан рейтингін сыртқы буферлер ұстап отыр

Алданып несие алғандарға көмек көрсетіледі

Алаяқтардың ықпалымен жәбірленушілер банктік және микроқаржылық несиені өздері рәсімдейді

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы өзгерді

Депутат: Халықтың 80 пайызы қарызға батқан

Бұл халықтың табысы төмендеп жатқанын және көптеген адамдар негізгі шығындарды жабу үшін қарыз алуға мәжбүр екенін көрсетедІ

Енді алаяқтық жолмен рәсімделген несиені банктер өзі өтейтін болады

«Несиеңізді қайтарыңыз!». Коллекторлардың демалыс күні қоңырау шалуы заңды ма?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова елді алаңдатқан мәселеге байланысты жауап берді