Бес жылда негізгі жолдар 100 пайыз жасалып бітпек

  • 06.04.2021

Алдағы бес жылда республикалық маңызы бар 12 мың шақырым автожол салынып, реконструкцияланбақ. Бұл жобада жыл сайын 200 мың адам жұмыспен қамтылмақ. Ал биыл 2,2 мың шақырым автожол пайдалануға беріліп, 1,2 мың шақырым жаңа жол ашылмақ. 1,1 мың шақырым жолда орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 15 автожол жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндамасын осындай жоспарын айтумен бастады.

 –Жыл қорытындысында 768 шақырымдық Талдықорған-Өскемен учаскесін реконструкциялауды толық аяқтау жоспарланған. Бұл – Орта Азия республикаларын Ресейдің Шығыс-Сібір аймағымен және Қазақстанның оңтүстігін шығыспен байланыстыратын халықаралық транзиттік дәліз. Осы автожолдың Алакөл көлінің туристік кластерін дамытуда маңызы ерекше, – деді Б. Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласы мен өңірлерді «шұғыла принципі» бойынша байланыстыратын жоғары жылдамдықты 4 жолақты автомагистраль құрылысы жалғаса береді. Көкшетау, Павлодар және Қарағанды бағытындағы жұмыстар аяқталмақ.  

–Қайта жаңарту жұмыстары басталғанға дейін автожолдың нашарлығынан Ақтөбе мен Атырау, Ақтау қалалары арасындағы қатынас Орал қаласы арқылы жүзеге асырылатын. Яғни, 500 шақырым артық жол жүретін.  Қазір бұл автожолдың бойында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Биыл Қандыағаш-Мақат учаскесінде жұмыстарды аяқтап, жолда қозғалыс ашылады. Ал келесі жылы толық пайдалануға береміз», — деді  министр.

Министрдің дерегі бойынша, биыл жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 607 шақырым болатын 4 жаңа автожол жобасы басталмақ. Олар «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңарту; Түркістан қаласының Шығыс айналма жолын салу; Шымкент қаласының оңтүстік-батыс айналма жолының құрылысы; Сарыағаш қаласы айналма жолының құрылысы.

Б. Атамқұловтың айтуынша, елбасының, мемлекет басшысының тапсырмаларын және «Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасында белгіленген міндеттерді уақтылы және сапалы іске асыру нәтижесінде 2025 жылға дейін: республикалық маңызы бар жолдардың 100 пайызын және жергілікті маңызы бар жолдардың 95 пайызын нормативтік жағдайға жеткізу; ақылы жолдардың ұзындығын 11,7 мың шақырымға дейін ұлғайту; республикалық автожолдарды ұлттық стандартқа сәйкес келетін жол бойындағы қызмет көрсету нысандарымен қамтамасыз ету; жыл сайын 310 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. 

Жалпы еліміздегі автожолдардың жалпы ұзындығы  96 мың шақырым.  Оның  25 мың шақырымы — республикалық маңызы бар күре жолдар, 71 мың шақырымы — жергілікті жолдар.

 

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады