Бозымбаев салмайды, Ноғаев пен Ерғалиев жоспарлайды

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 01.06.2021

Қазақстан 2025 жылға қарай жаңа мұнай өңдеу зауытын салуды жоспарлауда. Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді.

«Өнеркәсіп саласында 26 жоба жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішіне мұнай өңдеу зауыты, химия комплексі және тұрмыстық техника зауытын салу кіреді. Бұған қоса Түркістан арнайы экономикалық аймағының көлемін 973 гектарға дейін кеңейту жоспарлануда», - деді Ерғалиев үкімет отырысында.

Наурыз айында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға қарай Орал, Атырау, Шымкент қалаларында бес бірдей мұнай-газ және химия зауытын салу жоспарланып отырғанын айтқан. Соңғысының құрылысы аяқталуға жақын екенін мәлімдеген. Бірақ арада бір апта уақыт өткенде энергетика вице-министрі Әсет Мағауов журналистерге «төртінші мұнай өңдеу зауытына қатысты нақты шешім шыққан жоқ» деген.

«Төртінші зауыт қай жерде, қандай көлемде болатыны жөнінде нақты шешім қабылданған жоқ. Инвесторлар әртүрлі жобаларын ұсынып жатыр. Оның ішінде Қарағанды және басқа жерлердегі (зауыттар-ред) бар. Бірақ ешқандай нақты шешім қабылданған жоқ», - деген Мағауов.

Бұған дейін, 2018 жылдың желтоқсан айында сол кездегі энергетика министрі Қанат Бозымбаев жылдар бойы жыр болып келген төртінші мұнай өңдеу зауытының қажеті жоқтығын айтқан.

«Төртінші мұнай өңдеу зауыты салынбайды. Болды. Неге? Себебі «ҚазМұнайГаз» екі әлемдік деңгейдегі компанияны алып келді. Энергетика министрлігі бастаған жұмыс тобы берген есеп бойынша, жасалған модернизациядан кейін, бізде 2026-2027 жылға дейін жететін қор бар», - деген Бозымбаев.

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы 2018 жылы Қарағанды облысында басталған. Сол уақыттағы Жаңаарқа ауданының әкімі Юржан Беккожин «аудан аумағынан зауыт құрылысына 170 гектар жер берілді. Құрылыс жұмыстарын «Абылайхан» компаниясы жүргізіп жатыр», - деп мәлімдеген. БАҚ-та «Абылайхан» компаниясының сингапурлық «R Way Solution PTE Ltd» компаниясымен 300 млрд теңгеге келісімшартқа отырғаны жөнінде айтылған. Зауыт Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Құмкөлден Қытайға мұнай тасымалдайтын Атасу-Алашанькоу құбырының бойында орналасқан.

Бірақ осыған қамастан, ол жылына небәрі 1 миллион тонна мұнай өңдейді деп жоспарланған. Құбыр арқылы Қытайға жыл сайын 10 миллион тонна мұнай өтіп жатыр десек, бұл өте төмен көрсеткіш екені айтпаса да түсінікті. Бірақ ақыр соңында сол 1 миллион тонна мұнайды өңдеудің өзі мұң болған. Себебі зауыт құрлысы басталмай жатып аяқталған. Қарағанды облысының өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмасұлтанов зауыт құрылысының тоқтауын: «Жоба қаржы іздеу кезеңінде. Сингапурлық инвесторлар бар, бірақ олардың жұмысы әзірге түсініксіз», - деп түсіндірген.

Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялауға 6,3 миллиард доллар жұмсаған. Осыдан кейін, 2018 жылы Атырау МӨЗ – 5, 27 млн тонна, Павлодар мұнайхимия зауыты – 5, 34 млн тонна, Шымкент МӨЗ – 4,73 тонна мұнай өңдеген.

Шымкент, Атырау, Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының басты акционері «ҚазМұнайГаз» компаниясы. Ал «ҚазМұнайГаз» экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеубаласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі екенін бұған дейін отандық және шетелдік БАҚ сан мәрте жазған. Қазақстанның мұнай саласында «ҚазМұнайГаз» жалғыз монопалист деп айтуға толық негіз бар.

Байланысты жаналықтар

Көк базар кімдікі?

08.11.2024

Үкімет өңірлердің 2025 жылғы су тасқынына дайындығын тексерді

10.10.2024

Назарбаев Бұхарада Өзбекстан президенті Мирзиеевпен кездесті

07.09.2024

Жоғары аудиторлық палата Назарбаев Университеті мен «ҚазМұнайГаз»-ды тексермек

28.08.2024

«ҚазМұнайГаз» басшылығы 388 миллион теңге сыйақы алған

13.08.2024

Назарбаев тағы бір атағынан айырылды

24.07.2024
MalimBlocks
Көк базар кімдікі?

Қазір тарихи сауда нысаны коммерциялық жылжымайтын мүлікпен айналысатын ірі инвестициялық холдинг «Mercury properties» ЖШС-ның иелігінде

Үкімет өңірлердің 2025 жылғы су тасқынына дайындығын тексерді

Назарбаев Бұхарада Өзбекстан президенті Мирзиеевпен кездесті

Жоғары аудиторлық палата Назарбаев Университеті мен «ҚазМұнайГаз»-ды тексермек

Палата басшысы Әлихан Смайылов президент қабылдауында болды

«ҚазМұнайГаз» басшылығы 388 миллион теңге сыйақы алған

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) 2023 жылы басқарма мүшелерінің 388 миллион 673 мың 641,57 теңге көлемінде сыйақы алғанын растады

Назарбаев тағы бір атағынан айырылды