2026 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады, деп хабарлайды Malim.kz.
Сенатқа Мәжіліс мақұлдаған 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы келіп түсті. Құжатқа сәйкес, келесі жылдан бастап зейнеткерлік жасқа байланысты және еңбек өтілі үшін төленетін зейнетақы көлемі 10 пайызға көбейеді.
Сонымен қатар, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдердің негізгі көрсеткіштері төмендегідей болады:
- ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге;
- ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге;
- ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.