Депутаттар бір ауыздан қолдады – Қазақстан тағы да қарыз алмақ

Министр Жамаубаев бұл қарыздың пайызы аз, уақыты көп деп мақтанды...

  • 26.10.2022
Е.Жамаубаев / Фото: Sputnik.kz - Владислав Воднев

Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкінен 346 миллион еуроға жуық қарыз алмақ. Бұл туралы бүгін қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәжілісте айтты.

«Қазақстан керекті қаржының 75%-ын ішкі нарықтан тартты. Бірақ, ішкі нарық терең емес, ондағы ақша асса екі-үш жылға ғана беріледі. Яғни, белгілі бір қиындық пайда болады – екі-үш жылдан кейін біз өте үлкен көлемде қарызды өтеуге мәжбүр боламыз. Сондықтан біз әр тараптандыруға тырысамыз, мына біз алып отырған қарыз әжептәуір ұзақ, 10-11 жылға арналған», - деді қаржы министрі мәжілістің пленарлық отырысында.    

345,7 млн еуро қарыз туралы ақпарат тамыз айында шыққан. Ол туралы алдымен Бүкіләлемдік банктің баспасөз қызметі хабарлады. Жамаубаев бұл қарыздың пайыздық мөлшерлемесі өзгелерден гөрі әлдеқайда аз деп те мақтанды. Оның айтуынша, қазір «қарыз бойынша халықаралық пайыздық мөлшерлеме 10 жылға 5-5,5%, ал, бұл қарыздың пайыздық мөлшерлемесі 2,5%-дан аспайды» екен.

Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайыновтың айтуынша, бұл туралы екі жақты келісім 24 тамызда бекітіліп, заң жобасы 16 қыркүйек күні Мәжіліске түскен. Екі жарым жылдық жеңілдік кезеңі бар бұл қарызды алуға президенттің шілдедегі бұйрығы арқылы қол жеткізген Қаржы министрлігі оны 11,5 жылдан кейін жауып бітеді. Аталмыш қаржы Жамаубаев ведомствосына бір реттік траншпен түседі.

«Алып отырған қарызды реттеу және қайтару Қаржы министрлі арқылы қаржылық талаптар мен бекітілген келісімдер негізінде әр жылғы республикалық бюджет есебінен қарастырылады. Барлық Парламент Мәжілісінің барлық комиеттері бұл заң жобасына келісім берді. Оны қарау кезінде депутаттар тарапынан ешқандай ұсыныс түскен жоқ», - делінген комитет төрағасы таратқан мәлімдемеде.

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады