Досаев болжамды неге сүйеніп жасайды?

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 26.01.2021

Бүгін елордада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев 2021 жылы мұнайдың бір баррелі  45 доллар болатын болса,  Қазақстан экономикасы 3,7-4 пайызбен өсетінін айтты. Ал премьер-министр Асқар Мәмин «2021 жылы үкіметтің басты мақсаты - экономикалық өсімнің 3 пайыз болуын қамтамасыз ету» екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Дүниежүзілік Банк Қазақстан экономикасы 2021 жылы 2,5 пайыз көлемінде өседі деген болжам жасаған.

Экономист Мақсат Халықтың сөзінше, былтырғы жылы Ұлттық экономика минитрлігінің болжамы 2020 жылғы көрсеткіштермен сәйкес келмеген.

«Өткен жылы Ұлттық экономика министрлігі 2020 жылы экономикамыз 0,9 пайызға құлайды деген. Бірақ жылдың соңында минус 2,6 пайызға дейін құладық. Бұл болжамнан асып кетіп отыр. Былтыр Дүниежүзілік Банк Қазақстан экономикасы минус 3 пайызға төмендейді деген. Жыл соңында минус 2,6 % болды. Бұл жерде Дүниежүзілік Банктің болжамы артықтау болып тұр. Бірақ 2020 жылдың тамыз айында экономика минус 3 пайызға дейін құлады. Кейін құлдырау процесі тежелді», - дейді Халық.

Мақсат Халықтың айтуынша, халықаралық ұйымдардың бірде-біреуі Қазақстан экономикасында 2021 жылы 3 пайыздық өсім болады деген болжам жасамаған. Тек Ұлттық Банк қана осындай болжам жасаған.

«Дүниежүзілік Банк 2,5 пайыз өсім болады деп отыр. Ал Ұлттық Банк барлығы жақсы болатын болса, 4 пайызға дейін өсім болады дейді. Мен қарап шыққан халықаралық рейтинг агенттіктерінің барлығында 3 пайыздан жоғары деген болжам жоқ. Экономикада 3 пайыздан жоғары өсім болады деген болжамды тек қана Ұлттық Банк айтып отыр», - дейді экономист.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

28.03.2025

Дүниежүзілік банк: Украинаны қалпына келтіруге 524 миллиард доллар керек

25.02.2025

Ұлттық банк стейблкоин құратынын мәлімдеді

28.01.2025

Бұрынғы ұстанымдар енді жұмыс істемейді – Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк жұмысы жайында

28.01.2025

Ұлттық Банк I тоқсанда 750 млрд теңгеге валюта сатады

21.01.2025

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз 15,25% деңгейінде қалдырды

17.01.2025
MalimBlocks
Тоқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Дүниежүзілік банк: Украинаны қалпына келтіруге 524 миллиард доллар керек

Ұлттық банк стейблкоин құратынын мәлімдеді

Ол цифрлық теңге негізінде пайда болмақ

Бұрынғы ұстанымдар енді жұмыс істемейді – Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк жұмысы жайында

Ұлттық Банк I тоқсанда 750 млрд теңгеге валюта сатады

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз 15,25% деңгейінде қалдырды

Оған Ресейдегі инфляцияның әсер етіп отырғанын мәлімдеді