«Дружба» құбырынан ақау шықты: қазақстандық мұнай басқа желі арқылы тасымалдануда

Зақымдалған желі бойынша мұнай тасымалдау тоқтатылды

Malim Админ

  • 02.12.2024

Энергетика министрлігі қазақстандық мұнай өтетін «Дружба» құбырындағы ақауға қатысты түсінік берді.

– 2024 жылғы 1 желтоқсанда Пневы қаласы маңында «Дружба» жүйесі құбырының батыс бөлігінде, Шведт мұнай өңдеу зауытына жеткізілетін мұнайдың төгілуі анықталды. Зақымдалған желі бойынша мұнай тасымалдау тоқтатылды. Мұнай жеткізу екінші желі арқылы жалғасты. Екінші желінің техникалық мүмкіндіктері мұнай айдауды толық көлемде қамтамасыз етеді, - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, 2024 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша аталған бағытта қазақстандық мұнайды жеткізу кестеге сәйкес толық орындалды.

– Желтоқсан айына жоспарланған мұнай жеткізу 2024 жылғы 20-30 желтоқсан аралығында жүзеге асады деп күтілуде, - дейді министрліктен.

Бұған дейін қазақстандық мұнай өтетін «Дружба» құбырында ақау шыққаны туралы хабарлаған едік. 

Жанармайдың ағуы «Дружба» құбырының Польшаның батысындағы Пневы қаласының маңындағы учаскесінде болды. Оқиға кезінде өрт немесе жарылыс қаупі тіркелмеген.

Айта кетейік, қазақстандық мұнай экспорты дәстүрлі түрде Ресей аумағы арқылы Каспий құбыр консорциумының Новороссийскіге дейінгі құбыр жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ресей мен Польша арқылы Германияға «Дружба» құбыры арқылы жеткізу 2023 жылдың ақпан айының соңында басталды. Қазақстан мұнайы қуаттылығы 2 млн баррель құбырдың солтүстік тармағы арқылы өтеді.

Фото: ТАСС. А.Саверкин   

 

Байланысты жаналықтар

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

12.05.2025

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

10.05.2025

Чехия Ресей мұнайынан толықтай тәуелсіз болғанын жариялады

17.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

11.04.2025

Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

07.04.2025
MalimBlocks
Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

АҚШ, Бразилия, Иран сияқты елдер өндірісті ұлғайтып отыр

Чехия Ресей мұнайынан толықтай тәуелсіз болғанын жариялады

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 63 долларға дейін түсті

Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылғы сәуірден бері алғаш рет 64 доллардан арзандады