Елімізден шетелге ақша аударымының көбі Ресейге жіберілген

Екінші орында Өзбекстан, бұл елге 58,37 мың транзакция жасалған

Арман Қайыпхан

  • 31.07.2024

Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдарының саны бойынша Ресей бірінші орында екені анықталды, – деп хабарлайды Malim.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан ұлттық банкінің мәліметінше, 2024 жылдың маусымында елімізден шетелге 200,35 мың транзакция жасалған. Оның 98,29 мыңы Ресейге жіберілген. Екінші орында – Өзбекстан, бұл елге 58,37 мың транзакция жасалған.

Алайда мөлшеріне келсек, керісінше Өзбекстан 28,7 миллиард теңгемен (60,5 миллион доллар) бірінші орында болса, Ресейге 19,7 миллиард теңге (41,4 миллион доллар) қаржы аударылған.

Ұлттық банк ақша аударымдары бойынша алғашқы ондыққа кірген елдердің Түркия – 10,6 млрд теңге (22,4 млн доллар), Грузия – 4,9 млрд теңге (10,4 млн доллар) және Қырғызстан – 2,6 млрд теңге (5,5 млн доллар) екенін атап өтті.

Ал шетелден Қазақстанға келген ақша аударымдарында Ресейдің үлесі барлық транзакциялардың 40,6%-ын құрайды, бұл 5,3 млрд теңге (11,3 млн доллар).

Фото: istockphoto.com

Байланысты жаналықтар

18 мамырға арналған валюта бағамы

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025
MalimBlocks
18 мамырға арналған валюта бағамы

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр