«Ел үміті» экономиканы реформаламақ

Malim Админ

  • 20.08.2020

Қазақстан Ресупубликасының премьер-министрі Асқар Мамин «Ел үміті» жобасына қатысушылардың қатысуымен өткен онлайн жиында экономиканы реформалау жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

«Ел үміті» жобасы «100 нақты қадам» ұлт жоспарын сапалы орындауға бағытталған жобалардың бірі. Жиында ұсыныс айтушылар негізінен «100 нақты қадам» ұлт жоспарын сапалы орындауға бағытталған Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасының қатысушылары – 300-дей маман. Сонымен қатар, президенттің көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев те қатысты.

Менторлар мен өзгерістер менеджерлері білім беру, геология, құрылыс, денсаулық сақтау саласында, өңірлік даму, медиа, туризм, аул шаруашылығы, су ресурстары салалары бойынша 37 міндетті шешу үшін әзірленген жаңа тәсілдері мен идеяларын айтты.

Премьер-министрбұл бағдарламаға қатысушылардың жұмыстарын іріктеу үшін арнайы көрсеткіштерге назар аударылғанын айтады. Атап айтқанда, Қазақстанның аймақтық азық-түлік хабы ретінде қалыптасуы, ұлттық экономиканың өзін өзі қамтамасыз етуін арттыру, сапалы инвестицияларды тарту үшін жаңа тәсілдерді әзірлеу, қазақстандық экспортты қарқынды ілгерілету, күшті кәсіпкерлік класын құру, жеделдетілген цифрландыруды қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жүйесін нығайту, білім беру мен озық ғылымды дамыту, және инфрақұрылымды дамыту бойынша іріктелген.

«Білім беру мен адам дамуына инвестициялар салу – тұрақты әрі ұзақ мерзімді экономикалық өсімнің негізгі факторы. Әрбір табысты идеяның, практиканың, реформаның артында адам тұр. Сіздердің әрқайсыларыңыздың әлеуетіңіз, кәсіби білімдеріңіз, ең бастысы, Қазақстанның гүлденуіне жеке үлес қосуға деген ниеттеріңіз бар», — деді Асқар Мамин.

Бұл жобаға қатысушылар өздерінің идеяларымен ел дамуына үлес қосып қана қоймай, тренингтік және коучингтік іс-шараларға қатысу арқылы өздерінің де біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алады. Премьер-министр үкімет мүшелеріне өздеріне бекітілген салалық командаларымен қосылып, тұрақты түрде жұмыс істеуге, кәсіби кездесулерді жиі өткізуге, алға қойылған мақсаттарды іске асыруға шақырды. Оның айтуынша, енді ұсыныстарды нақтылап, нақты жоспарлар енгізіп, сол бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Айта кету керек, барлығы 2 958 үміткердің ішінен тәжірибесі мол, отандық және шетелдік компанияларда жұмыс істеген 230 адам іріктеліп алынған. Олардан бөлек, АҚШ, Еуропа елдерінен ментор ретінде 50-ден астам маман атсалысатын болады.

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады