Елімізде қандай азық-түліктер қымбаттайды?

"Инфляцияны ұмытпағанымыз жөн" деді Серік Жұманғарин.

Malim Админ

  • 23.10.2024

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. 

«Бізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен (ұн, тұз, күріш, макарон, май, картоп, қой еті, сиыр еті, сәбіз) 100 пайыз қамтылған. Одан бөлек, 14 азық-түлік түрлерімен 80 пайызы өзіміздің өнім. Дегенмен 5 азық-түлік бойынша импортқа тәуелділік бар. Жалпы алғанда құс етімен біз өзімізді 73 пайызға қамтамасыз етеміз, шұжық- 60 пайыз, балық - 60 пайыз, ірімшік пен сүзбе - 46 пайыз, қант - 44 пайыз», - деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, вице-премьер елімізде өндірілмейтін кейбір көкөніс, жеміс-жидектің баға тұрақтылығына қатысты тәуекел туындауы мүмкіндігін айтты.

«Олардың қатарында апельсин, банан, лимон тағы басқа жемістер бар, яғни қымбаттауы мүмкін, бірақ айтарлықтай емес. Біз тұрақты мониторинг жүргізіп отырмыз, соңғы аптада ешбір тауар қымбаттаған жоқ. Бірақ, инфляцияны ұмытпағанымыз жөн. Бізде инфляция дәлізі бар - биыл 6-10 пайыз. Бұл бағаның орташа өсуін біз осы шекте күтеміз дегенді білдіреді. Экономиканың дамуы бағаның біз белгілеген шегінде өседі», - деп толықтырды Үкімет басшысының орынбасары.

Фото: Kazinform.kz  

Байланысты жаналықтар

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

11.04.2025

Елімізде енді ажырасу да қымбаттамақ

09.04.2025

Елімізде бір жыл ішінде не қымбаттады?

01.04.2025

2026 жылы инфляция 12 пайызға баруы мүмкін

27.02.2025

Қазақстанның 14 өңірінде инфляция күшейді

18.02.2025
MalimBlocks
Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

1-тоқсанда тұтынушылық сұраныс бәсеңдеген

Елімізде енді ажырасу да қымбаттамақ

Елімізде бір жыл ішінде не қымбаттады?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы инфляция туралы деректерді жариялады

2026 жылы инфляция 12 пайызға баруы мүмкін

Инфляция бір жыл көлемінде сақталады

Қазақстанның 14 өңірінде инфляция күшейді