Каспий құбыр консорциумында мұнай тасымалдау тоқтатылды 

Мұнай жеткізу жоспарлы түрде шектелді

Malim Админ

  • 13.04.2023

Каспий құбыр консорциумы Теңіз терминалында мұнай жеткізуді тоқтатты. Теңіз терминалының жұмысы жағымсыз иіске қатысты тұрғындар шағымына байланысты тоқтатылған.  Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті. 

Белгілі болғандай, 10 сәуірден бастап Новороссийскінің бірқатар БАҚ-ында мұнай өнімдерінің жағымсыз иісі және ықтимал экологиялық проблемалар туралы хабарламалар жарияланған. Кәсіпорын тұрғындардың әлеуметтік желідегі арыз-шағымдарын да ескеріп, осыған байланысты мұнай жеткізуді жоспарлы түрде тоқтатқан.

«10 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін КҚК теңіз терминалы ТЛУ арқылы мұнай жеткізудің жоспарлы тоқтатылуына байланысты резервуар паркіне мұнай қабылдамайды. Тиісінше, КҚК қондырғылары жағымсыз иіс тудыратын органикалық қосылыстар көзі болған емес», - делінген КҚК хабарламасында.

Айта кетерлігі, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) Қазақстаннан мұнай экспортының негізгі және ең тиімді бағыты болып қалып отыр. Консорциум ұзындығы 1511 км Теңіз-Новороссийск мұнай құбырын пайдаланады, бұл – қазақстандық мұнай көлемінің 80%-дан астамын экспорттайтын негізгі бағыт.

Еске сала кетейік, 19 ақпанда да КҚК қазақстандық мұнай жөнелтуді тоқтатқан еді. Ол кезде ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Кейін консорциум Теңіз кенішінен мұнай қабылдауды тоқтатты.  Бірнеше күннен кейін Қазақстан мұнайын жөнелту қайта жалғасқан еді.  

Байланысты жаналықтар

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

12.05.2025

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

10.05.2025

Чехия Ресей мұнайынан толықтай тәуелсіз болғанын жариялады

17.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

11.04.2025

Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

07.04.2025
MalimBlocks
Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

АҚШ, Бразилия, Иран сияқты елдер өндірісті ұлғайтып отыр

Чехия Ресей мұнайынан толықтай тәуелсіз болғанын жариялады

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 63 долларға дейін түсті

Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылғы сәуірден бері алғаш рет 64 доллардан арзандады