Kaspi.kz E+Awards халықаралық маркетинг байқауында гран-при мен екі «алтын» жүлдеге ие болды
Орталық Азияда алғаш рет ең тиімді жарнамалық науқандар, маркетингтік және коммуникациялық шешімдерге арналған E+Awards халықаралық байқауы өтті.
Kaspi.kz байқаудың абсолютті жеңімпазы атанды. «Тұрақты жетістік» номинациясы бойынша Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесін ұйымдастырғаны үшін қазақстандық компания екі марапатқа ие болды: гран-при және «алтын». Сондай-ақ Kaspi.kz «Сәлеметсіз бе! Мен сіздің Kaspi Гид-іңізбін» науқаны үшін «алтын» иеленді. Қазылар алқасы Kaspi.kz-пен жұмыс істегені үшін Gforce/Grey-ді (Қазақстан) Орталық Азиядағы жылдың ең тиімді агенттігі ретінде таныды.
Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе бұл туралы былай деді:
«Біздің миссиямыз – сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық сервистер жасау. Бірінші кезектегі міндетіміз – теңдесі жоқ сапалы сервистер мен өнімдер жасау. Сүйікті клиенттерімізге өнімдер туралы жарнамалық науқандар арқылы жеткізуге тырысамыз. Халықаралық байқаудың қазылар алқасы командамызға ең жоғары марапат бергеніне қуаныштымыз. Kaspi.kz-тің сервистерін пайдаланғаны үшін және бізді үнемі дамуға, инновацияларға шабыттандырып отырғаны үшін әр клиентіміз бен серіктесімізге рақмет айтамыз!»