Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Malim Админ

  • 16.04.2025

Жыл басынан бері ұялы байланыс бағасы өсіп келеді. Әрбір оператор өзіндік құн қосып, тариф ақысын көтеруге көшкен. Қоғамда аталған өзгеріске наразы топ мемлекеттен мәселені реттеуді талап етуде. Осыған орай құзырлы орган ресми позициясын білдірді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Kazinform агенттігіне ресми жауап берді.

Ұялы байланыс тарифтеріне байланысты баға саясатын реттеу бойынша қандай бастама қолға алынды?» деген сұраққа министрліктің Телекоммуникациялар комитеті нақты жауап берді. Айтуларынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттің ұялы байланыс операторларындағы баға саясатына араласуға құқы жоқ.

ҚР Кәсіпкерлік кодексі аясында, бәсекелестікті дамыту мақсатында 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет байланыс қызметтері тарифтерін реттемейді. Кәсіпкерлік кодекісінің 116-бабы 1-тармағына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері тауарларға тариф және баға, жұмыстар, қызметтерді дербес айқындайды. «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес, егер ҚР заңдарында өзгеше көзделмесе, байланыс операторлары байланыс қызметтеріне арналған тарифтерді негізделген шығындарды негізге ала отырып дербес белгілейді. Комитеттің орталық мемлекеттік орган ретінде субъектілердің ішкі істеріне араласуға құқығы жоқ екенін атап өтеміз, – делінген ресми хатта.

Фото: pixabay.com


 

 

Байланысты жаналықтар

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

12.05.2025

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

10.05.2025

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

05.05.2025

Мәсімовтің сатылымға шығарылған зәулім сарайының бағасы арзандады

21.04.2025

Ипотекаға алған пәтерді жалға беру заңсыз болып саналады - заңгер

18.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025
MalimBlocks
Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

АҚШ, Бразилия, Иран сияқты елдер өндірісті ұлғайтып отыр

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

Мәсімовтің сатылымға шығарылған зәулім сарайының бағасы арзандады

Алғашқы жарнасы 117,9 млн теңге

Ипотекаға алған пәтерді жалға беру заңсыз болып саналады - заңгер

Бұл туралы заңгер түсіндірді

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?