Михаил Ломтадзе Kazakhstan Growth Forum таңдауы бойынша тағы да үздік CEO атанды

Жыл сайынғы Kazakhstan Growth Forum-ында жылдың ең үздік басшыларын марапаттау рәсімі өтті.

  • 23.09.2022

Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе қатарынан бесінші рет «Жылдың ең үздік CEO» атанды. Михаил «Мінсіз клиенттік тәжірибесі үшін» марапатына ие болды.

Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Бүкіл командамыздың жұмысының нәтижесін бағалағаны үшін қазылар алқасына рақмет. Бізді ең алдымен Kaspi.kz-тің қазақстандықтардың өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер жасау миссиясы шабыттандырады. Біз «Қазақстан мен қазақстандықтар үшін не жақсы болса, Kaspi.kz үшін де сол жақсы» принципін басшылыққа аламыз. Kaspi.kz толығымен Қазақстанда құрылған компания екенін шын жүректен мақтан тұтамыз. Алдағы уақытта да қазақстандықтарды ең заманауи, қарапайым әрі ыңғайлы онлайн-сервистермен қуантып, таңғалдыруға тырысамыз. Бізбен бірге болғаны үшін сүйікті клиенттерімізге рақмет айтамыз!» - деп атап өтті.

Жыл сайын ең үздік басшыларды Kazakhstan Growth Forum-ының сарапшылар кеңесі анықтайды. Оның құрамында Ораз Жандосов (Қазақстан экономистері қауымдастығының қамқоршылық кеңесінің төрағасы), Андрей Беклемишев (IDC Орталық Азия аймақтық директоры), Елена Бахмутова (Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы), Екатерина Бенджамин (IFC өкілдігінің басшысы), Ержан Досымбеков (Grant Thornton аудиторлық компаниясының басшысы), Ерлан Досымбеков (EY Қазақстан басшысы) және Сәкен Жұмашев (KPMG Қазақстан басшысы) болды. Жеңімпаздар экономиканың әртүрлі саласынан ұсынылған 500 қазақстандық үздік компаниялардың ішінен таңдалады.

Сондай-ақ Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе PricewaterhouseCoopers (PwC) жетекші халықаралық консалтингтік компаниясы жыл сайын өткізетін СЕО Survey сауалнамасының нәтижесі бойынша қатарынан бесінші рет Қазақстандағы ең үздік компания басшысы болып танылды.

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады

21.08.2024

Kaspi.kz-те жәрдемақы, жұмыссыздық төлемдеріне өтініш беруге болады

27.11.2023

Балаға арналған Kaspi Gold-ты қамқоршылары да аша алады

19.09.2023

Қазақстандықтар өрттен зардап шеккендерге Kaspi.kz-пен бірге 200 млн теңге жинады

15.06.2023

Енді Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады

06.06.2023

Kaspi.kz E+Awards халықаралық маркетинг байқауында гран-при мен екі «алтын» жүлдеге ие болды

04.05.2023
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады

Президентке Kaspi.kz компаниясы қызметінің нәтижелері мен шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жаңа сервис құру жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Kaspi.kz-те жәрдемақы, жұмыссыздық төлемдеріне өтініш беруге болады

Енді Kaspi.kz-те көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы мен жұмыссыздық бойынша төлемдерге өтініш беруге болады

Балаға арналған Kaspi Gold-ты қамқоршылары да аша алады

Қорғаншылар мен қамқоршылар өз қамқорлығындағы балаға Kaspi Gold аша алады.

Қазақстандықтар өрттен зардап шеккендерге Kaspi.kz-пен бірге 200 млн теңге жинады

Kaspi.kz ниет білдіргендердің барлығы өрттен зардап шеккендерге көмектесе алуы үшін Ұлттық волонтерлік желімен бірге онлайн, мобильді қосымша арқылы тез арада қаражат жинауға мүмкіндік жасады.

Енді Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады

Kaspi.kz ІІМ Көші-қон қызметі комитетімен, Әділет министрлігімен, Цифрландыру министрлігімен, АӨО РМК және ҰАТ АҚ-пен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты.

Kaspi.kz E+Awards халықаралық маркетинг байқауында гран-при мен екі «алтын» жүлдеге ие болды

Орталық Азияда алғаш рет ең тиімді жарнамалық науқандар, маркетингтік және коммуникациялық шешімдерге арналған E+Awards халықаралық байқауы өтті.