freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Арыста әскери бөлім аумағында өрт шықты

Оқиға
Арыста әскери бөлім аумағында өрт шықты
Фото: pixabay

Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өрт кезінде алдын ала жоюға дайындалған оқ-дәрі фрагментінің жарылғаны естілген. Шымкент гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген, нысандарға зақым келмеген.

Өрт толық сөндірілді. Қазір оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Гарнизон өкілдері жағдай бақылауда екенін хабарлады. Сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік желілерде тараған тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және тек ресми мәліметтерге сүйенуге шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу