freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада Кравцов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Қоғам
Астанада Кравцов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: ашық дереккөз

Астанада Кравцов көшесінде 19-22 тамыз аралығында көлік қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, биыл 19 мен 22 тамыз аралығында А. Кравцов көшесі бойынша Ш. Уәлиханов көшесінен Ж. Ташенов көшесіне дейінгі учаскеде жоғарғы қабатын салу жұмыстары жүргізіледі. 

— Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу