Олжас Бектенов «Талдықорған – Үшарал» газ құбыры құрылысын көрді

Жоба аясында алты газ бұру құбыры мен автоматты газ тарату стансаларын салу көзделген

Malim Админ

  • 19.08.2024

Премьер-Министрі Олжас Бектенов Жетісу облысына жұмыс сапары аясында Президент тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысымен танысты. 


«Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының жалпы ұзындығы 302,4 шақырым. Жоба аясында алты газ бұру құбыры мен автоматты газ тарату стансаларын салу көзделген. Газ құбырының өткізу мүмкіндігі – жылына 385 млн м3 газ. «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов нысан «Алматы – Талдықорған» магистралды газ құбырының қолданыстағы бірыңғай жүйесінің құрамында пайдаланылатынын, құрылысты аяқтап, іске қосу 2026 жылдың соңына жоспарланып отырғанын баяндады. 

Жаңа «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры 124 мың тұрғыны бар Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 66 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етеді. Құрылысы аяқталып, іске қосылғаннан кейін облысты газдандыру деңгейі 47,6%-дан 90%-ға дейін өседі.  

Премьер-Министр жаңа газ құбыры өңірдегі тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандар мен өнеркәсіп кәсіпорындарын энергетикалық қауіпсіздікпен және тұрақты газбен қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл өңірдің тұрақты дамуына және тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді. Сондай-ақ іскерлік белсенділіктің артуы, жаңа жұмыс орындарын ашып, шағын және орта бизнестің дамуы қосымша оң нәтиже бермек.  

Жалпы, Жетісу облысында 358 елді мекеннің 192-сі газдандыруға жатады, 37 елді мекен газбен қамтылды, 334 мың адам (47,6%) газға қол жеткізді. Елімізде барлығы 2023 жылдың қорытындысы бойынша халықты газбен қамту деңгейі 60%-ды құрады (12 млн адамға газ қолжетімді). 

«Мемлекет басшысы бастамашылық еткен ауқымды инфрақұрылым жобаларын іске асыруға Үкімет ерекше мән береді. Экономика үшін басым жобаларды қаржыландыруғ "Самұрық-Қазына" және "Бәйтерек" холдингтерінің, ішкі капитал нарығының ресурстары мен қаражаты, тікелей шетелдік инвестициялар мен жеке капитал белсенді түрде тартылуда. "Самұрық-Қазына" қаражаты есебінен 42 газбен қамту жобасын іске асыруға 10,4 млрд теңге бөлінді. Бұл жыл соңына дейін Жетісу облысындағы тағы 30 елді мекенді газбен жабдықтауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы жобаларды іске асыру кезінде тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық қамтудың барынша жоғары үлесін қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды.

Энергетика министрлігіне және «QazaqGaz» ұлттық компаниясына, облыс әкімдігіне белгіленген мерзімдерді сақтай отырып, жобаларды сапалы іске асыру үшін барлық шараны қабылдау тапсырылды. Сонымен қатар жеке үйлерге газдың қосылуын бақылауды күшейту тапсырылды.

Фото: primeminister.kz  

Байланысты жаналықтар

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

18.05.2025

18 мамырға арналған валюта бағамы

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

16.05.2025
MalimBlocks
Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

18 мамырға арналған валюта бағамы

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.