Павлодарлықтар пайдаланылмай жатқан жерлерді игеріп жатыр

Malim Админ

  • 11.05.2021

Күннің көзін баққан, ауа райына қарай көшіп отырған қазақ «мал – бір жұттық» деп мәтелдетіпті. Әлбетте, әр заманның өз сұрқылтайы бар, ол кез солай болды, барлық тіршілік табиғи құбылыстармен тікелей байланысты болған. Қазір ше? Қазір күннің райын бағып отыруға бола ма? Былай қарасаң, технологияның күші шөлге егін өсіртіп жатыр. Осындай кезде жаңбырға тәуелді болмау үшін диқандар түрлі техникалар сатып алып жатыр. Бұл қуанарлық жағдай. Және оларға көмек қолын мемлекет те созуда. Мәселен, Павлодар облысының көкөніс егушілері 50 пайызына дейін мемлекет субсидиялайтын суару техникаларын сатып алған. Әрине, жаңбырдың жауғаны жақсы, болғаны жақсы. Бірақ, қазақ «жеті күн жауған жаңбырдан жүгіріп өткен су артық» дегенді де тегіннен тегін айтпаса керек. Осы жағынан алғанда, егістікті қолдан суару бір жағы сенімді әрі өнімді болатыны түсінікті.

Павлодар облысы Павлодар ауданына арнайы сапармен барған өңір әкімі Әбілқайыр Сқақов шаруа қожалықтарын аралап, көкөніс өсірушілермен сөйлесті. Биылғы көктемгі науқанды аяқтауға жақын тұрған көкөніс өсірушілер қызу еңбекпен айналысуда. Пияз, қырыққабат, картоп егіліп қойған, енді сәбіз отырғызу жұмыстары жүріп жатыр. Шаруалар әкімге аздаған қиындықтар бар екенін, әсіресе, дизель отынын бөлу кезінде ұсақ шаруа қожалықтар қысылып қалатынын айтты. Жалпы, ережеге сәйкес жағармай көлемі егіс көлеміне қарай бөлінуі тиіс болса да, ұсақ шаруа қожалықтары 1-2 тонна көлемінде ғана отын алады. Арзан жанармай берілмейді емес, беріледі, бірақ, құжаттық жұмыстар шаршататын сыңайлы. Мемлекет басшысы құжаттық талаптарды деңілдетіп, тексерулерді азайту мәселесін айтқан. Демек, павлодарлық шаруалардың айтып отырғаны дұрыс мәселе. Егер, осы жағынан қолдау күшейсе, өнім көлемін ұлғайтар едік, пайданы да асырар едік деп отыр.

«Мәселен, біз бір гектардан 53 килограмға жуық қырыққабат өсіреміз. Осы өнімді өсіру үшін гектарына алатын 60 литр дизель біз үшін жеткіліксіз, өйткені біз үнемі көшетімізді суарып, өңдеп отыруымыз керек», - дейді «Родник» шаруа қожалығының жетекшісі Геннадий Андрейцев.

Әбілқайыр Сқақов өңірдегі шаруашылыққа қатысты проблемалар аграрийлердің бастамашылдығына, ашықтығына да байланысты екенін айтты. Соңғы кездері президент еститін мемлекет бастамасын жиі айтып жүргенін ескерсек, өзіне керекті дүниелер мен кемшіліктерді ашық айту кез келген шаруаға сын. Әкім, сондай-ақ, шаруалардың тек бұрынғы ескі соқпақпен жүре бермей, оқу орындарымен байланыс жасап, ғылым мен өндірісті ұштастыруға шақырды.

- Адами капиталсыз даму жоқ. Фермерлер біздің ауыл шаруашылығына мамандар даярлайтын колледждермен байланыста болып, олармен келісімшарт жасасуы керек. Жастармен кәсіптік бағдар беру жұмысы екінші немесе үшінші курстан бастап жүргізілуі тиіс», - деді Әбілқайыр Сқақов.

Әкімнің сапары ары қарай «Turkey PVL» ЖШС құс фабрикасымен жалғасты. Бұл фабрика қазір 300 тонна өнім шығарып үлгерген. Фабрика өнім көлемін ұлғайтып, ет өндірісін тәулігіне 10 тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр. Осыған орай, бес жаңа құс күркесін салып жатыр.  Одан бөлек, шетелдік компаниялармен бірлесе жұмыс істеуді де қолға алыпты.

«Біз Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды ​​облысында жұмыс істеп, Батыс Қазақстан мен Ресейдің нарығына шығып жатырмыз. Біз күркетауық етінен жартылай фабрикаттар шығарайық деп жатырмыз. Ол үшін біз неміс компаниясымен келіссөздер жүргізіп, қажетті жабдықты таңдап жатырмыз», - дейді компания директоры Ербол Досыбаев.

Аудандағы тағы бір ауыл Новоямышево ауылдық округінде біраз жылдан бері пайдаланусыз бос жатқан 1,6 мың гектар жер қайтадан қолға алына бастады. Қазір суару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биылғы жаздың жоспары – 600 гектар жерді суландырып, «Агро-Трейд ПВ» ЖШС картоп, жемдік жүгері мен жоңышқа өсіруді жоспарлап отыр. Бұл жерде алдағы уақытта тек картоп, жүгері, жоңышқа өсіріп өана қоймай, 1,2 мың ірі қара өсіріліп, сүт фермасы ашылмақ. Кәсіпорын басшысы Қуаныш Темірғалин жобалық-сметалық құжаттары сараптамадан өткенін, қаржыландыру үдерісі жедел шешілсе, сүт фермасын келесі жылы пайдалануға береміз деп отыр.  Әкім де бұл жобаны қолдайтынын, өңірде суару және сүт-ет өндірістерін дамытуға бағытталған кешенді жобаларының қай кезде де әкімдік тарапынан құпталатындығын және мемлекет тарапынан қолдау болатынын ескертті.

Жалпы, ауыл шаруашлығы саласына қатысты айтқанда, Павлодар өңірі астықты өлке саналады. Дегенмен, президент айтқан ауыл шаруашлығын әртараптандыру бағыты бойынша жұмыстар барлық өңірде жүргізілуге тиіс. Кең байтақ қазақстанның басқа өңірінен көкөніс тасымалдағаннан гөрі, немесе шет елден қымбатқа сатып алғанша, осылай, әр өңір мүмкіндігінше жан жақты жұмыс істеп, өз өнімдерін тұтынуға күш салса, ішкі нарық дамып, импортты тұтыну азая түсер еді.

Байланысты жаналықтар

Елімізде қандай азық-түліктер қымбаттайды?

23.10.2024

Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

23.10.2024

Биыл ауыл шаруашылығы саласына рекордтық қаржы бөлінді – Олжас Бектенов

23.10.2024

Қазақстан ішінде көшкендер енді басқа аймақта жұмыс істей алмауы мүмкін

21.10.2024

«Жылыжайлар астанасында» ірі кешеннің құрылысы жүріп жатыр

21.10.2024

Фермерлер Президентке хат жолдады

21.10.2024
MalimBlocks
Елімізде қандай азық-түліктер қымбаттайды?

"Инфляцияны ұмытпағанымыз жөн" деді Серік Жұманғарин.

Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 485,3 теңгеден сатылып жатыр

Биыл ауыл шаруашылығы саласына рекордтық қаржы бөлінді – Олжас Бектенов

Бюджет қаражаты егіншілерді тікелей несиелендіруге, пайыздық мөлшерлемені арзандатуға және форвардтық сатып алуға бағытталды

Қазақстан ішінде көшкендер енді басқа аймақта жұмыс істей алмауы мүмкін

Еңбек министрлігі тиісті өзгерісті ашық талқылауға шығарған

«Жылыжайлар астанасында» ірі кешеннің құрылысы жүріп жатыр

«Alsera kz» ЖШС жылыжай кешені «Бозарық» индустриялық аймағында салынбақ

Фермерлер Президентке хат жолдады

Мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл мол өнім алынған