Қашаған мұнайшылары ереуілге шықты

Олар еңбек жағдайларын жақсартуды талап етті

Malim Админ

  • 14.01.2025

Қазақстанда Delta Solution Service компаниясының қызметкерлері халықаралық консорциумнан еңбек жағдайларын жақсартуды талап етті. Олар ел президентіне бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жұмысшылар 12 қаңтарда компания қақпасының алдында жиналып, жұмыс берушіден тарифтік мөлшерлемелерді қайта қарауды, тұрмыстық жағдайларын жақсартуды және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді талап етті. Бұл өтініш Telegram-дағы ENERGY MONITOR арнасында жарияланды.

North Caspian Operating Company N.V (NCOC) – Қашаған кен орнында мұнай мен газ өндіру бойынша операторлық қызмет атқаратын компания. 2021 жылдың соңында бұрынғы мердігерлік компанияның қызметкерлері өздерінің келісімшарттарының жаңа құрылған (тәжірибесі жоқ) «Delta Solution Services» компаниясына өткеніне шағымданған болатын. Бұл компания NASAR Solutions және Caspian Development Group бірлескен кәсіпорны саналады. NCOC осы екі компанияға коммерциялық ұсыныстары ұнағаны үшін келісімшарт жасасқанын хабарлаған болатын.

Ереуілге шыққан жұмысшылар өз қойған шарттарын орындауды талап етіп жатыр.

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

Маңғыстауда мұнайшы еңбек орнында қайтыс болды. Туыстары әділдікті талап етеді

05.02.2025

Украина Ресейге дронмен шабуылдады, алапат өрт болды

19.12.2024

Жұмысшылары ереуілге шыққан компанияларды тергеу басталды

21.04.2023

Президентке үндеу: Мұнайшылар ереуілі неге жиіледі?

22.07.2021

Мұнайшылар ереуілі көбейіп барады

02.02.2021

Жаңаөзендегі жауыздықтар жадымда

16.12.2020
MalimBlocks
Маңғыстауда мұнайшы еңбек орнында қайтыс болды. Туыстары әділдікті талап етеді

– Біз апатты объективті түрде тергеледі деген үміттеміз. Мұндай қайғылы оқиғалар ешкімнің басынан түспесін деп тілейміз, кінәлілерді жазалауды талап етеміз, – деп мәлімдеді туыстары.

Украина Ресейге дронмен шабуылдады, алапат өрт болды

Жұмысшылары ереуілге шыққан компанияларды тергеу басталды

Маңғыстау облысында "Өзенмұнайгаз" АҚ мен "БерАли Мангистау Company" ЖШС-да ұрлық фактілері бойынша тергеу жүргізілуде.

Президентке үндеу: Мұнайшылар ереуілі неге жиіледі?

Мұнайшылар ереуілі көбейіп барады

Жаңаөзендегі жауыздықтар жадымда