Президентке үндеу: Мұнайшылар ереуілі неге жиіледі?

Malim Админ

  • 22.07.2021

Маңғыстау облысында мұнайшылар ереуілі басылмай тұр. Бірнеше компания қызметкерлері жалақыларын көтеруді талап етуде.

Шілденің 21-і күні ЖШС «Ақтау Мұнай Сервис Компаниясы» жұмысшылары наразылық акциясына шығып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жасады. Онда олар жалақыларын көтеруді, Тәуелсіздік күні мен мұнайшылар күнінде премия беруді және жыл соғында 13 айлық есебінде үстамақы беруді талап етті. Бұл талаптары орындалмағанша жұмысқа шықпайтындарын мәлімдеді.

«ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы, облыс әкімі Тұрымов мырзаға, қала әкімі Ибагаров мырзаға! Біз ЖШС ОЕС яғни АНСК ұжымының талабын жолдаймыз. Бірінші, еңбек келісімшартын беру; Екінші, еңбекақыны 100 пайызға көтеру; Үшінші; жылына екі рет, тәуелсіздік және мұнайшылар күні сыйақы төлеу; Төртінші, аймақтық коэффицент; Бесінші, жыл соңында 13-ші ай еңбекақысын төлеуді талап етеміз. Осы талап орындалмайынша жұмысты тоқтатамыз», - делінген мәлімдемеде.

Жыл басынан бері Қазақстанда мұнайшылар ереуілі басылмай тұр. Қаңтар-ақпан айларында «МұнайСпецСнаб Компани» ЖШС, «Bonatti», «Си Бу», «КМК Мұнай», «АМК Мұнай» компанияларының жұмысшылары ереуілге шығып, жалақыларын көтеруді талап еткен. Кейіннен олар талабы орындалғаннан кейін жұмыстарын жалғастырған. Қазір бір ғана Жаңаөзен қаласында алты компанияның жұмысшылары ереуілге шығуда. Барлығының талабы біреу – еңбек жағдайын жақсарту және жалақыны көтеру.

«Гражданская оборона» еңбек құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Андрей Ушаков болып жатқан ереуілдерді халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендеуімен байланыстырады. Оның сөзінше, елде қалыптасқан әлеуметтік теңсіздік мәселесі жұмысшыларды ереуілге шығуға итермелеуде.

«Ереуілдердің тарихы бір ғана дүниені көрсетеді. Ол – жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендеуі. Қазір жағдайдың төмендегені көзге көрініп тұр. Жақында Қазақстанға қатысты зерттеу жарияланды. Бізде 162 адам ел байлығының 55 пайызына иелік етеді. Ал елдегі орташа жалақы 49-50 мың теңге. Өкінішке орай, бұл әлеуметтік теңсіздіктің алшақтығы ереуілдерге алып келуде», - дейді Ушаков.

Қазақстанда соңғы үш жылда дәл осы жалақы мен еңбек жағдайына байланысты жұмысшылар ереуілі өте жылдам қарқынмен өсіп келеді. Тәуелсіз ұйымдардың есебі бойынша, 2019 жылы Қазақстанда 20-ға жуық ереуіл (ресми статистика-9), 2020 жылы 24 ереуіл (ресми статистика-4), биыл жыл басынан бері 33 ереуіл болған. Бұның ішіне тек қана мұнайшылар ғана емес, өзге де салаларда болып жатқан наразылық акциялары кіреді.  

 

Байланысты жаналықтар

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

28.03.2025

Тоқаев​​​​​​​ Еуропалық комиссияның вице-президентімен кездесті

28.03.2025

Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті

25.03.2025

Трамп Колорадодағы Капитолийде ілінген портретін сынап тастады

24.03.2025

Экрем Имамоглу ресми түрде Түркия президенттігіне үміткер болды

24.03.2025

Жауын-шашын салдарынан Маңғыстау облысын су басты

23.03.2025
MalimBlocks
Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

29 наурызда Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді

Тоқаев​​​​​​​ Еуропалық комиссияның вице-президентімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесті

Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті

Александр Лукашенко жетінші рет​​​​​​​ Беларусь президенті қызметіне кірісті

Трамп Колорадодағы Капитолийде ілінген портретін сынап тастады

АҚШ президенті Дональд Трамп Колорадо штаты Капитолийінде ілінген өзінің портретін сынап тастады

Экрем Имамоглу ресми түрде Түркия президенттігіне үміткер болды

23 наурызда Түркияның оппозициялық Республикалық Халық партиясының алдын ала сайлауында 15 миллион адам биліктен қуылып, тұтқындалған Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглуға қолдау білдіріп, дауыс берді

Жауын-шашын салдарынан Маңғыстау облысын су басты

Маңғыстау облысында жауын-шашыннан жиналған судан аулалар мен көшелерді су басты