Жұмысшылары ереуілге шыққан компанияларды тергеу басталды

Маңғыстау облысында "Өзенмұнайгаз" АҚ мен "БерАли Мангистау Company" ЖШС-да ұрлық фактілері бойынша тергеу жүргізілуде.

  • 21.04.2023

 

Бұл жолы қос компанияның лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде қаражат жымқырды деп күдікке ілінген.

 Жаңаөзен қаласы тұрғындарының "ҚазМұнайГаз" АҚ (Өзенмұнайгаз) жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық және жымқыру деректері бойынша Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне бірнеше рет шағым білдірген. Осы ретте тексеру басталып, сотқа дейінгі бірнеше тергеу жалғасып жатыр. Антикордың мәліметінше, кәсіпорынның бухгалтерлік және өзге де ресми құжаттамасында бұрмаланған мәліметтерді көрсете отырып, жаңа сорғы-компрессорлық құбырларды жалған орнату арқылы ұрлау дерегі бойынша "Өзенмұнайгаз" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталған.

 Сонымен қоса, "Өзенмұнайгаз" АҚ лауазымды тұлғалары мен "БерАли Маңғыстау Company" ЖШС басшылығына қатысты 2022 жылы мұнай өндіру ұңғымаларын жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға арналған аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деген күдік туындап, қазіргі уақытта тексеру басталғаны ресми хабарланды.

 "Берәли Маңғыстау Company" ЖШС басшысы өзінің жақын туыстарымен арнайы техниканы жалға алу туралы шарттар жасағаны анықталып, іс жүзінде 248 млн теңге көлемінде алынған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырып, жымқырып үлгерген.

Аталған іс-қимылдармен "Берәли Маңғыстау Company" ЖШС басшылығы мемлекетке ғана емес, компания қызметкерлеріне де зиян келтіргені анықталып отыр.

 Қолма-қол ақша компанияны дамытуға, жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсартуға, соның ішінде жалақыны көтеруге бағытталуына жұмсауға әбден болатын еді. Алайда қаржы басқа мақсатта жаратылып, соның салдарынан компанияның қарапайым қызметкерлері арасында наразылық тудырғаны айтылды.

 Таяуда тендерден жеңілген "Берәли Маңғыстау Company" ЖШС жүзден астам қызметкері жұмыстан қысқарып, үлкен шу туындаған еді. Жұмыс сұраған олар «Өзенмұнайгаз» АҚ алдында наразылық білдіріп, соңынан Астанаға дейін барған болатын.

Байланысты жаналықтар

Мұнай компаниясының басшысы қызметкерлерге бөлінген 321 млн теңгені қалтаға басқан

03.11.2024

Ақтаулық ақын «Өзенмұнайгазға» заңсыз жұмысқа тұрған

28.04.2023

Жаңаөзенде қысқартылған жұмысшылар далада түнеп шықты

05.04.2023

Президентке үндеу: Мұнайшылар ереуілі неге жиіледі?

22.07.2021

Мұнайшылар ереуілі көбейіп барады

02.02.2021

Жаңаөзендегі жауыздықтар жадымда

16.12.2020
MalimBlocks
Мұнай компаниясының басшысы қызметкерлерге бөлінген 321 млн теңгені қалтаға басқан

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған

Ақтаулық ақын «Өзенмұнайгазға» заңсыз жұмысқа тұрған

Ол кезекте тұрған 9000 адамнан аттап өткен

Жаңаөзенде қысқартылған жұмысшылар далада түнеп шықты

Маңғыстау облысында «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның алдына "БерАли Маңғыстау Company" ЖШС-нің жүз қаралы адам жұмысшысы жиналып, талап қойып жатқаны туралы ақпарат тарады.

Президентке үндеу: Мұнайшылар ереуілі неге жиіледі?

Мұнайшылар ереуілі көбейіп барады

Жаңаөзендегі жауыздықтар жадымда