Қазақстанға АЭС-ті қай елдің компаниясы салуы мүмкін?

Қазіргі уақытта жобалық ұсыныстарды егжей - тегжейлі зерделеу жұмыстары жүргізілуде

Malim Админ

  • 20.08.2024

Қазақстан - ядролық отын шығаратын аз елдердің бірі. Отынды отандық бірінші  АЭС салуға қолдану жоспарлануда. Бұл туралы «Қазақстандық атом электр стансалары» АҚ директоры Тимур Жантикин  Қазақстанда АЭС салу мәселелері бойынша бүгін Астанада өтіп жатқан жария талқылау барысында мәлімдеді. 

«2018 жылы атом стансасын салудың техникалық-экономикалық негіздемесінің бірінші бөлімін әзірледік, онда екі өңірде станса салу мүмкіндіктері қарастырылған. Атап айтқанда, бұл өңірлер - Курчатов, ШҚО, қазір ол Абай облысы, екіншісі Оңтүстік Қазақстан облысы, Балқаш маңындағы Үлкен ауылы, бұл Алматы облысы. АЭХА ұсынымдары бойынша кең ауқымды зерттеу жүргізілді, атап айтқанда, қауіпсіздік, қуатты ядролық нысандарды орналастыру шарттары бойынша және Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтер негізінде жүргізілді. Екі аудан да жарамды деп танылды, - деді Тимур Жантикин.
Ол сонымен қатар Қазақстанның энергия жүйесін болжауға талдау жүргізілгенін де айтты, соның негізінде оңтүстік жақта электр энергиясы тапшылығы 2,7 гигаваттқа дейін жететіні анықталды. 

«Оңтүстік Қазақстан – электр энергиясын тұтыну орталығы. Оңтүстік негізгі генерация болып саналатын Солтүстікте шығарылатын энергияны тұтынады, яғни, бұл ядролық көзді орналастырудың оңтайлы орны. 2019 жылы біз маркетингтік процедураларды жүргіздік, жетекші сатушылардан техникалық және коммерциялық ұсыныстар сұрадық, бізге 13 жоба ұсынысы берілді. Энергетика министрлігімен бірге критерийлер жүйесі әзірленді, ол бойынша біз Қазақстанда құрылыс үшін ең перспективалы 4 жобаны таңдадық. Бұл - Қытай, Корея, Ресей және Француз компаниялары. 2022 жылы осы төрт жобалық ұсыныс үшін деректерді өзектендіру жүргізілді. Француз Консалтингтік компаниясымен бірге бағалау критерийлерінің жүйесі жетілдірілді. Қазіргі уақытта осы жобалық ұсыныстарды егжей - тегжейлі зерделеу жұмыстары жүргізілуде", - деді Жантикин. 
Оның айтуынша, маркетинг бөлімінің материалдары жапондық атом электр компаниясы жүргізген халықаралық сараптамадан өткен. 
"Ол біздің барлық нәтижелерімізді, зерттеу әдістемелерімізді растады және біздің ұсынысымызбен келісті. Бірінші станция Балқаштағы Үлкен ауылының ауданында салынуы керек. АЭС құрылысы кезінде 8000 жұмыс орны және пайдалануға берілгеннен кейін 2000 жұмыс орны құрылады", - деп атап өтті Жантикин.

Фото: Астана қаласы әкімдігі 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан Түркиядан "Астана LRT"-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданды экстрадициялауды сұрады

23.05.2025

ТМҰ бейресми саммиті: Геосаяси тұрақсыздық жағдайында ынтымақтастық қай бағытта дамиды?

22.05.2025

Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

20.05.2025

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

19.05.2025

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан Түркиядан "Астана LRT"-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданды экстрадициялауды сұрады

Қазақстан Түркиядан "Астана LRT"-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданды экстрадициялау туралы ресми сұрау жолдады

ТМҰ бейресми саммиті: Геосаяси тұрақсыздық жағдайында ынтымақтастық қай бағытта дамиды?

Мемлекет басшысы соңғы кездегі тарифке қатысты оқиғалар жаһандық сауда саясатындағы өте үлкен өзгерістерге себеп болғанына тоқталды

Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

Тоқаев билігінің алғашқы кезеңінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге бағытталған арнайы ұлттық стратегиялық жоспарды қабылдады

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады