Сарапшылар биылғы инфляцияны 6,9-7,5% аралығында болжады

Сарапшылар болжамын Ұлттық банк жариялады

Мәди Саматұлы

  • 10.01.2025

Қазақстан Ұлттық Банкі сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Brent маркалы мұнайдың бағасы, Қазақстан экономикасының өсімі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты, сондай-ақ теңге бағамы – сауалнаманың негізгі параметрі болған.

Биылғы қаңтарда 2025 жылға арналған мұнай бағасы бойынша сценарий шарттары жаңартылған. Медианалық күтулерге сәйкес 2025 жылы Brent маркалы мұнайдың бағасы барр. үшін 75 доллар деңгейінде қалыптасады (бұған дейін – 76,5 доллар). 2026 жылға болжам бойынша баррель үшін 74 доллар деңгейінде сақталған. 2027 жылға күтулер 75 доллар деңгейінде қалыптасты.

Қазақстанның 2025 және 2026 жылдарға арналған экономикалық өсу болжамдары өзгеріссіз қалып, тиісінше 4,7% және 4,5% құрайды. 2027 жылы сарапшылардың күтуі бойынша экономикалық өсу қарқыны 4,5% деңгейінде сақталады. Сарапшылар инфляция болжамдарын 2025 жылға 6,9%-дан 7,5%-ға дейін, ал 2026 жылға 6%-дан 6,5%-ға дейін көтерді. 2027 жылы инфляция 5,6% деңгейінде бағаланады, деп жазылған Ұлттық банк мәлімдемесінде.

Инфляцияға қатысты бағалаулардың өзгеруіне сәйкес базалық мөлшерлеме бойынша күтулер де қайта қаралған. 2025 жылға арналған болжамдардың медианалық мәндері 12,5%-тен 14,7%-ға дейін, 2026 жылға 10,3%-дан 11,8%-ға дейін түзетілген. 2027 жылға базалық мөлшерлеме 10,5% деңгейінде болжанады.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Үсік жүреді: Екі күнге арналған ауа райы болжамы

14.04.2025

Тимур Сүлейменов: Көше бойындағы валюта бағамдарының таблолары 90-жылдардан қалған дәстүр

11.04.2025

Елімізде доллар арзандай түсті

11.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Үсік жүреді: Екі күнге арналған ауа райы болжамы

Тимур Сүлейменов: Көше бойындағы валюта бағамдарының таблолары 90-жылдардан қалған дәстүр

Елімізде доллар арзандай түсті