Сәуір-маусым аралығында халық 779 келі алтын сатып алған

Ең көбі алматылықтарға тиесілі

Malim Админ

  • 22.07.2024

Биыл II тоқсанда екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 779,2 келі 14 752 алтын құйма сатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның ең үлкен көлемі мына өңірлерге тиген: Алматы (9 705 дана, 66%), Жетісу облысы (1 515 дана, 10%) және Шымкент (1 173 дана, 8%).

Ұлттық банк таратқан мәліметке қарағанда, халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы іске қосылған 2017 жылдан бері жалпы салмағы 7 тонна 185 295 алтын құйма сатылып, банктер мен жекелеген банктік емес пунктер 1 тонна тартатын 38 374 алтын құйманы, яғни 21%-ын кері сатып алған.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 100 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 25% – 46 007 дана. Одан кейін 10 грамдық алтын құйма – 45 781 дана (25%), 5 грамдық құйма – 41 592 дана (22%), 20 грамдық құйма – 29 796 дана (16%), және 50 грамдық құйма – 22 119 дана (12%).

Фото: 365info.kz

Байланысты жаналықтар

19 мамырға арналған валюта бағамы

19.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

08.05.2025

Украинада доллардан еуроға көшу мүмкіндігі қарастырылып жатыр

08.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025
MalimBlocks
19 мамырға арналған валюта бағамы

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

Украинада доллардан еуроға көшу мүмкіндігі қарастырылып жатыр

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд