Шымкентте балық ыстау цехы ашылды

Айбек Ережеп

  • 17.05.2021

Шымкентте балық ыстау цехы ашылды

Жас кәсіпкер Олжас Нахипов–  Шымкентте балық ыстайтын цех ашты. Біз әртүрлі шетелдік компаниялардың дайын өнімдерін сатттық. Жеке кәсіпкер алғашында жылыжай кешенін іске қосуды жоспарлаған. Алайда «Даму» Қорының менеджерлерінің кеңестеріне жүгініп, цехты ұлғайтуға шешім қабылдады.

 Өнімді сырттан әкелгеннен гөрі осы жерде дайындаған дұрыс екенін ұқтым. Сол кезде өнімнің де дәмі бұзылмайды. Оның үстіне адамдар денсаулыққа пайдалы асты тұтынғысы келеді. Тұтыну нарығын зерттей келе, өзіміздің балықты өңдеу және ыстау цехын ашатын болып шештік, – дейді Олжас.

Алғашқы өнім Шымкент қаласы «Теңіз» ірі көтерме-бөлшек дүкені арқылы сынақтан сәтті өтті. Цехта дәстүрлі табиғи ыстау тәсілі қолданылады. Аздап тұздалған және ысталған арқан балық, алабалық, аздап тұздатылған майшабақ, скумбрия, ыстық және салқын ысталған теңіз және тұзды су балықтары, тыран және бақтақ, тағы басқа өнім түрлері бар.

Ысталған балықтардың маусымы наурыздың аяғынан бастап желтоқсанға дейін жалғасады.

Балық ыстайтын өндіріс үшін «Даму» Қоры несие пайызының біршама бөлігін субсидиялады. «Даму» Қоры жобаны кепілдік бойынша 5 жұмыс күні ішінде мақұлдады. Мүлік жетіспеген жағдайда қор өзінің несие сомасынан 50 % дейінгі кепілдігін берді.

«Forte Bank» АҚ филиалы клиенттің өтінішін бар болғаны 10 жұмыс күні ішінде қарастырып, несие берді.

Бүгінде цехта айына 6-7 тоннаға дейін балықтар өңделеді. 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Балық жеткізу және дайын өнімді өткізу үрдісі ретке келтірілген. Шикізатты негізгі жеткізушілер – жергілікті және сонымен бірге ресейлік компаниялар. Дайын өнімдер ірі супермаркеттер мен өңір базарларында сатылуда.

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады