Түркістан облысы кәсіпкерлері Үкіметке өз ұсыныстарын жеткізді

Сабина Асқарқызы

  • 13.02.2025

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов бизнес өкілдерімен, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының салалық және аудандық кеңес мүшелерімен кездесіп, жаңа салық реформасын талқылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Кездесу барысында қатысушылар жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер жайын айтып, оның бизнеске ықпалын саралады.

"BNK Group LTD" ЖШС бас директоры Ниязалы Бейсенбаев Қазақстанда қосылған құн салығының 20%-ға көтерілуінің агроөнеркәсіп кешен өндірушілеріне ықтимал әсеріне тоқталды.

Мөлшерлеменің өсуі шағын және орта бизнеске қосымша салмақ түсіреді. Сондықтан Үкіметке кейбір басым салалар үшін дифференциалды салық мөлшерлемесін енгізу, табысы төмен кәсіпорындарға уақытша салықтық демалыс беру және көлеңкелі экономикамен күресу шараларын күшейту мәселесін қарастыруды ұсынамыз. Бұл кәсіпкерлер мен тұтынушыларға келетін теріс әсерді азайтуға мүмкіндік береді, - деді ол.

Өз кезегінде, ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов қазіргі уақытта аграрлық секторда шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейтінін, ал заңды тұлғалар қолданыстағы жеңілдіктердің арқасында бюджетке төленуге тиісті салықтардың тек 30%-ын ғана төлейтінін атап өтті.

Кездесу барысында бизнес өкілдері салықтық жүктеменің артуына байланысты алаңдаушылықтарын білдіріп, өз ұсыныстарын жеткізді. Ал Ұлттық экономика министрлігі өкілдері барлық пікір мен ұсыныстардың назарға алынатынын мәлімдеді.

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

15.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

10.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

Қазақстанда кейбір блогерлерге қатысты тексерулер басталады