Үкіметте көлік және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

Malim Админ

  • 18.04.2025

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында автомобиль және теміржолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл жалпы қаржыландыру сомасы 781,2 млрд теңгеге 8,8 мың шақырым автожол түрлі жөндеу түрімен қамтылады. Оның ішінде 2,1 мың шақырым қайта жаңартылса, 459,6 шақырымға күрделі жөндеу жүргізіліп, 6,3 мың шақырымға орташа жөндеу жасалады. Сондай-ақ биыл «Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау – Доссор», Қызылорда, Рудный, Сарыағаш, Петропавл қалаларының айналма жолы секілді 1 мың шақырым автожол салу мен реконструкциялау бойынша 7 жаңа жоба іске қосылады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшысы Дархан Иманашев шекаралық аймақтар арқылы тиімді және қауіпсіз транзитті қамтамасыз ету шарасы туралы хабардар етті. Ол үшін автомобиль өткізу пункттерін (АӨП) кезең-кезеңімен қайта құру жүргізіледі. Қазақстан шекарасы бойында жұмыс істеп тұрған 52 АӨП-тің 2030 жылға дейін 36-сы қайта жаңартылады. 

2025 жылғы жобаларға 644 млрд теңге, жаңа жобаларға 3,05 трлн теңге инвестиция салған кезде 2048 жылға қарай 6,4 трлн теңгеге дейін экономикалық нәтиже болады деген ойдамыз, - деді ол.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда жалпы ұзындығы 3,9 мың шақырым 20 ақылы автожол учаскесі жұмыс істеп тұр. 2025 жылғы жоспар бойынша жалпы ұзындығы 5,5 мың шақырым тағы 26 ақылы учаске іске қосылады. 2024 жылғы төлемақы алудан түскен табыс 48,4 млрд теңге. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ осы жылғы шілдеде екінші жолдардың құрылысы бойынша негізгі жұмысты аяқтап, ұзындығы 836 шақырым «Достық – Мойынты» учаскесі бойынша пойыз қозғалысын іске қосуды жоспарлап отыр. Іске асырылуы 3 жыл жүргізілген жобаның құны – 542,8 млрд теңге. Сондай-ақ биыл негізгі жолының ұзындығы 75 шақырым болатын 123 шақырым «Алматы айналма жолы» т/ж желісінің құрылысы аяқталмақ. Жоба құны – 151,7 млрд теңге. 

Келесі жылы инвестиция көлемі 720,4 млрд теңге болатын «Қызылжар – Мойынты» теміржол магистралінің құрылысын аяқтау мен «Алтынкөл – Жетіген» учаскесін жаңғырту (107,8 млрд теңге) жоспарланып отыр. Жұмыс жоспар бойынша жүргізіліп жатыр.

Фото: Үкімет  

Байланысты жаналықтар

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

28.04.2025

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты

27.04.2025

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді

25.04.2025

Көшербаев FIBA өкілдерімен кездесті

24.04.2025

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

23.04.2025

"Проблеманы көбірек айту керек". Бектенов QazaqGaz басшысына ұрысты

23.04.2025
MalimBlocks
Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

бұл - жалған ақпарат

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді

Көшербаев FIBA өкілдерімен кездесті

FIBA - Халықаралық баскетбол федерациясы

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

"Проблеманы көбірек айту керек". Бектенов QazaqGaz басшысына ұрысты