Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ке көтерді

Бұл шешімге  теңгенің әлсіреуі ықпал еткен

Malim Админ

  • 29.11.2024

Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.


«Шешім жаңартылған болжамдар мен инфляция тәуекелдері балансының бағалауын ескере отырып қабылданды»- делінген банк хабарламасында.

Реттеушінің бұл шешіміне Қазақстандағы жылдық инфляцияның қазан айында 8,5%-ға дейін өскені әсер еткен. Ал инфляцияға «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру аясында реттелетін қызметтердің айтарлықтай қымбаттауы және теңгенің әлсіреуі ықпал еткен.

«Оған қоса инфляцияның орнықты бөлігі де өсуде.  Жоғары  ішкі  сұраныс  жағдайында  азық-түлікке  жатпайтын  тауарлар  мен  нарықтық  қызметтер  бағасының өсуі инфляцияның жеделдеуіне ықпал етті. Бюджеттің кіріс бөлігін орындамауына байланысты жалғасып жатқан фискалдық ынталандыру есебінен экономика ішіндегі проинфляциялық қысым сақталуда»,- деп түсіндіреді реттеуші.

Сонымен бірге бас банк мәлімдемесінде қазан  айында  халықтың  инфляциялық күтулері  төмендегенмен, құбылмалы болып қалғаны айтылған.

Айта кетейік, ҰБ қазан айында базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдаған болатын. Реттеуші бұл шешімін инфляцияның орташа тарихи мәндерден және көктем және жаз айларында байқалған деңгейлерден жоғары қалыптасқанымен байланыстырған болатын. Инфляцияның орнықты бөлігі төмендегенімен, оның қарқыны әлі де баяу екенін мәлімдеген еді.

Фото: nationalbank.kz 

Байланысты жаналықтар

Киев пен Мәскеу бейбіт келісімге келсе, теңгенің жағдайы не болмақ?

22.05.2025

22 мамырға арналған валюта бағамы

22.05.2025

Қазақстан ХҚД банкінен 46 миллиард теңге қарыз алмақ

21.05.2025

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

21.05.2025

21 мамырға арналған валюта бағамы

21.05.2025

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 20 млрд долларға жетті

20.05.2025
MalimBlocks
Киев пен Мәскеу бейбіт келісімге келсе, теңгенің жағдайы не болмақ?

22 мамырға арналған валюта бағамы

Қазақстан ХҚД банкінен 46 миллиард теңге қарыз алмақ

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

21 мамырға арналған валюта бағамы

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 20 млрд долларға жетті