Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия: мемлекет кірісіне қосымша 40 млрд теңге қайтарылды

Оның 38 млрд теңгеден астамы – ақшалай қаражат, сондай-ақ Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық.

Malim Админ

  • 29.04.2024

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Комиссия жалпы көлемі 40 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдады, оның 38 млрд теңгеден астамы – ақшалай қаражат, сондай-ақ Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталады.

Бұған қоса 7 млрд теңге сомасына инвестициялық келісімдерге қол қою мақұлданды, оның аясында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңы қолданылатын тұлғалар Астана және Шымкент қалаларында екі инфрақұрылым нысанын салады. Аталған жобаларды іске асыру жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етеді.

Активтерді қайтару жұмыстары – бұл Мемлекет басшысының әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі саясатының тікелей іске асырылуы. Барлық қайтарылған қаражат Қазақстан халқының игілігіне жұмсалады, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

12 млрд актив мемлекетке қайтарылған. Қаражат қайда жұмсалады?

28.10.2024

Жетісу облысында 221 гектар жер мемлекетке қайтарылды

10.10.2024

Ақмола облысында құны 70 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

02.10.2024

Алматы мен Қарағанды облыстарында жер телімдері мемлекетке қайтарылды

24.09.2024

Алматы облысында 3 мың га жер мемлекетке қайтарылды

14.09.2024

ШҚО-да 160 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

07.09.2024
MalimBlocks
12 млрд актив мемлекетке қайтарылған. Қаражат қайда жұмсалады?

4 келісімге қол қойылды

Жетісу облысында 221 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Ақмола облысында құны 70 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

Ақмола облысы прокуратурасы өңірде заңсыз берілген жер учаскесін мемлекетке қайтарды.

Алматы мен Қарағанды облыстарында жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Соттардың жер беру туралы шешімдері заңсыз деп танылды

Алматы облысында 3 мың га жер мемлекетке қайтарылды

Ол ұзақ уақыт пайдаланылмаған

ШҚО-да 160 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады