Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Экс-президенттің інісі ұсталды

Саясат
Экс-президенттің інісі ұсталды

Бішкекте Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай ЖЭЭНБЕКОВТІҢ інісі Асылбек ЖЭЭНБЕКОВ ұсталды. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады.  

Асылбек Жээнбеков жоғарғы кеңестің экс-спикері. «Құмтөр» ісі бойынша Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстаған. Сондай-ақ, депутат Торобай ЗУЛПУКАРОВ та жемқорлық бойынша күдікке ілікті.

Бұған дейін «Құмтөр» бойынша бұрынғы үкімет басшысы Өмірбек БАБАНОВ та ұсталған еді. Экс-премьер-министр Темір САРИЕВ пен бұрынғы депутат Тұрсынтай САЛИМОВ пен Сергей ИБРАГИМОВТАН жауап алынды.

Естеріңізге сала кетейік, 15 мамыр күні «Құмтөр Голд Компаниясында» жемқорлық ісі бойынша тексеріс жұмыстары болды. МҰҚК басшысы Қамшыбек ТАШИЕВ «Құмтөр» бойынша төрт қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.

Фото: 24.kg

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу