freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елде парламент сайлауы қашан өтетіні айтылды

Саясат
Елде парламент сайлауы қашан өтетіні айтылды
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қол қойғаннан кейін парламент сайлауын жаңа сессияның ашылуына дейін өткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Президенттің айтуынша, заң шығару үдерісі алдағы парламент сайлауымен қатар жүреді.

“Сайлауды жаңа сессияның ашылуына дейін өткізу жоспарланып отыр. Сол уақытқа дейін тиісті заңнамалық базаны толық әзірлеуді аяқтау қажет. Елімізді құқықтық және саяси тұрғыдан түбегейлі жаңғырту жыл соңына дейін, тіпті келесі жылы да жалғасуы мүмкін”, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы алдағы кезеңде билік институттарын реформалау, жаңа құрылымдар құру,  олардың құрылымы мен кадрлық құрамын өзгерту міндеті тұрғанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев 15 наурызды Конституция күні деп жариялап, жазда Парламент сайлауы өтетінін айтқан еді.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу