freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елде зейнетақы жинағының жеткілікті шегі 79 пайызға дейін өсуі мүмкін

Қоғам
Елде зейнетақы жинағының жеткілікті шегі 79 пайызға дейін өсуі мүмкін
Gov.kz

Елдегі зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 23-63 жас аралығындағы азаматтар үшін 79%-ға дейін көтерілуі мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев осындай мәлімдеме жасады

Министрдің сөзіне сүйенсек, жасына қарай әртүрлі болады, яғни 23-35 жас және 35-63 жас аралығындағы азаматтарға жеке-жеке есептеледі.

«Бұл әртүрлі деңгейде болады – 23-тен 35 жасқа дейінгі және 35-тен 63 жасқа дейінгі азаматтар үшін қарастырылған. Жалпы алғанда, өсім шамамен 79%-ға дейін жетеді. Қазір біз формуланы, есептеулерді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен бірге дайындап жатырмыз. Барлығы ресми түрде жарияланады. Осы айдың соңына дейін бәрін егжей-тегжейлі түсіндіреміз деп ойлаймын», – деді ол БАҚ өкілдеріне.

Оның сөзінше, ең төменгі жеткілікті шегін көтеру зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын алуды азайтуға бағытталған, себебі соңғы жылдары бұл үрдіс айтарлықтай артқан.

«Бұл ақша алуға тыйым салынады деген сөз емес. Зейнетақы қорынан ақша алу жалғаса береді, бірақ оны барынша азайту қажет. Талдауымызға сүйенсек, соңғы бес жылда 5,7 трлн теңге алынған. Оның басым бөлігі несиелерді жабуға жұмсалған», – деді министр.

Министрдің пікірінше, банктер үшін зейнетақы қаражатының жүйеден шығарылуы тиімді, өйткені бұл ипотекалық несие беруге мүмкіндік ашады.

«Еңбек министрлігінің ұстанымы – ақша жинақтау қажет. Әлемнің барлық елінде жинақтаушы қордың басты міндеті – қаражат жинау. Сіз де, мен де болашаққа қаржы жинауымыз керек. Зейнет жасына жеткенде сол қордағы қаражат есебінен зейнетақы алуымыз тиіс», – деді Асқарбек Ертаев.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу