freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, нөсер мен найзағай күтіледі

Қоғам
Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, нөсер мен найзағай күтіледі
Фото: freepik.com

«Қазгидромет» 2026 жылғы 5 сәуірге арналған дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райы күтіледі.

Астанада таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен найзағай болжануда. Көкшетауда да желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Алматыда күндіз найзағай күтіледі. Жел 15 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Іле Алатауы тауларында да қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі.

Шымкентте найзағай мен дауыл болжануда. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, тау және тау етегіндегі аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Сонымен қатар өңірдің батысында, солтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай, оңтүстігінде және таулы жерлерінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Таулы аймақтарда тұман түседі. Таразда түнде кей уақытта қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

Ұлытау облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Қарағанды облысында аздаған жаңбыр, найзағай болжанады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз дауыл мен шаңды боран болуы мүмкін.

Атырау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында түнгі және таңғы уақытта кей жерлерде тұман күтіледі. Кей өңірлерде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу