Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елена Рыбакина ел құрамасын алға шығарды

Спорт
Елена Рыбакина ел құрамасын алға шығарды

Теннистен Қазақстанның құрамасы Аустралияда өтіп жатқан аралас командалар арасындағы United Cup турнирінің ширек финалына бірінші орынмен шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Еске сала кетейік, біздің құрама С тобына түскен еді. Бірінші кездесуде қазақстандық теннисшілер Испанияны 2:1 есебімен жеңді.

Екінші матчта Қазақстанға қарсылас ретінде Грекия шықты. Александр Шевченко әлемнің 11-ракеткасы Стефанос Циципасты 6:4, 7:6 есебімен жеңді.

Кейіннен Елена Рыбакина Мария Саккариді 6:4, 6:3 есебімен ұтып, Қазақстанды мерзімінен бұрын ширек финалға шығарды. Грекияға қарсы матчтағы үшінші ойын турнирлік маңызға ие болмайды.

Айта кетейік, біздің құрама плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты.

Келесі қарсылас кейінірек анықталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу