Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізде кәсібін ұрпағына қалдырып отырған жүздеген әулет бар

Мәдениет
Елімізде кәсібін ұрпағына қалдырып отырған жүздеген әулет бар

Қыркүйектің соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек күні атап өтіледі. Бұл күні Қазақстанды дамыту жолында ерен еңбек еткен, оны жаңа жетістіктерге жетелеген мамандарға құрмет көрсетіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Президенттің 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен елімізде 2014 жылдан бастап қыркүйек айының соңғы жексенбі күні «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленді.

Еңбек күні әлемнің 100-ден астам елінде атап өтіледі, ал кейбір елдерде ол мемлекеттік мереке мәртебесіне ие. Қазақстанда биыл мереке 29 қыркүйекке сәйкес келеді.

Мемлекет басшысы биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, дәстүр бойынша экономиканың көптеген саласында өз отбастарында кәсіби дағдыларды ұрпақтан-ұрпаққа беретін еңбек әулеттері қалыптасып келеді. Республикамызда осындай жүздеген әулет бар, олардың ішіндегі ең ірілерінің жалпы еңбек өтілі 3,3 мың жылдан асты.

Фото: ortcom.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу