freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізде пауэрбанк алып ұшатындарға жаңа ереже жарияланды

Қоғам
Елімізде пауэрбанк алып ұшатындарға жаңа ереже жарияланды
Фото: gov.kz

FlyArystan әуе компаниясы 7 мамырдан бастап портативті аккумуляторларды (power bank) тасымалдау ережесіне өзгеріс енгізеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаңа талапқа сәйкес, пауэрбанктердің ұшақта тасымалдануы олардың сыйымдылығына байланысты реттеледі:

100 Втч-қа дейін – қосымша рұқсатсыз алып өтуге болады

100–160 Втч аралығы – тек әуе компаниясының рұқсатымен

160 Втч-тен жоғары – тасымалдауға тыйым салынады

Бір жолаушыға екіден артық пауэрбанк алып жүруге рұқсат етілмейді.

Компания мәліметінше, портативті аккумуляторлар тек қол жүгінде тасымалдануы тиіс. Оларды ұшу кезінде қолдануға және зарядтауға болмайды.

Сонымен қатар құрылғылар қысқа тұйықталудан қорғалуы қажет.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу