Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізде ЖИ-мен істейтін “имам” пайда болады

Қоғам
Елімізде ЖИ-мен істейтін “имам” пайда болады
Фото: ҚМДБ

Қазақстанда «Imam AI» — діндарлардың сұрақтарына жауап беретін жасанды интеллект жасалады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы 2026 жылға арналған бағдарламалық баяндамасында Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

Бұл діни мәселелер бойынша жедел әрі сенімді жауап беруге мүмкіндік береді, сондай-ақ дін қызметкерлеріне түсетін жүктемені азайтады. Жасанды интеллект көмегімен күнделікті өмірде туындайтын діни сұрақтарға жауап ұсынатын арнайы мобильді қосымша әзірлеу қажет, — деді ол.

Қосымшаның басты артықшылығы — тексерілген діни дереккөздерге ғана негізделген сенімді ақпаратқа қолжетімділік болмақ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу