Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еліміздегі көліктер саны 5,5 миллионнан асты

Экономика
Еліміздегі көліктер саны 5,5 миллионнан асты

2024 жылғы тамызда 141,5 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, яғни былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 44,1% өскен, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 579,4 мың бірлікті құрады, оның 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк көлігі және 2,1% – автобустар.

Шығарылған жылдары бойынша 3 жылдан аспайтын автомобильдердің үлесі автопарктің 6,2% құрайды, шығарылған жылы 3-тен 7 жылға дейінгі көлік үлесі – 13,1%, 7-ден 10 жылға дейін – 11,9%, 10 жылдан 20 жылға дейін – 23,8%, 20 жыл бұрын өндірілген автомобильдердің үлесі – 44,8%. Айта кетейік, екі жыл бұрын шығарылған жылы 20 жылдан асатын машиналардың үлесі (2022 ж. 1 қыркүйекке) 50,8% болған.

Өңірлер бөлінісінде шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқан автомобиль саны Алматы қаласы мен Алматы облысында ең көп, тиісінше 206 мың және 361 мың, одан кейін Жамбыл – 190,5 мың бірлік, Қарағанды – 183,3 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облыстарында – 177,3 мың бірлік. Шығарылған жылы 3 жылдан аспайтын көлік саны бойынша Алматы (55,3 мың), Астана (42 мың) қалалары және Алматы облысы (22,4 мың) алда.

Фото: Ұлттық статистика бюросы

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу