freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еліміздің бас педагогы біршама мұғалімнің бас қайғысына айналған мәселеге нүкте қойды

Білім-ғылым
Еліміздің бас педагогы біршама мұғалімнің бас қайғысына айналған мәселеге нүкте қойды
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында жекеменшік мектептерге қатысты туындаған даулы пікірлерге түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің айтуынша, тексерулер меншік нысанына қарамай жүргізіледі. Яғни, талап мемлекеттік те, жекеменшік те мектептерге бірдей қойылады.

"Әлеуметтік желілерде жекеменшік мектептерге қатысты сұрақтар көбейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Заң және тәртіп" қағидатын айқындады. Сондықтан министрлік заң талаптарын сақтайтын, сапалы әрі адал жұмыс істейтін мектептерді анықтауға басымдық береді", – деді Сүлейменова.

Министрдің сөзінше, 2023 жылы жекеменшік мектептер цифрландырудан өткен. Қазіргі таңда бұл процесс мемлекеттік мектептерде де жүргізілуде. Тексеру нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталған:

  • Қағаз жүзінде тіркелген оқушылар болғанымен, сабақ өтпеген жағдайлар;
  • Оқу стандартының толық орындалмауы;
  • Әскери дайындық пен дене шынықтыру секілді пәндердің оқытылмауы;
  • Мектеп ретінде тіркелмеген, қойма немесе монша ғимаратында жұмыс істеген білім ошақтары;
  • Мұғалімдердің біліктілік талаптарына сай келмеуі.

Осындай талаптарды орындамаған мектептерге мемлекеттік тапсырыс берілмейді.

Ал ғимараты талапқа сай, педагогтері білікті және оқу бағдарламасын толық орындайтын жекеменшік мектептер өз жұмысын жалғастыра береді.

Сонымен қатар министр делдалдық қызмет ұсынып жүрген азаматтарға ескерту жасады. Оның айтуынша, жекеменшік мектептерге қатысты барлық ресми ақпарат пен түсіндіру жұмыстары тек "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, Орта білім комитеті және жергілікті білім басқармалары арқылы жүргізіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу