Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады

Қоғам
Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады

Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтің бірі – жеке куәлікті ауыстыру, сәуірдің аяғына дейін онлайн-форматқа ауыстырылады, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі. 

Бұл туралы Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, мамандар азаматтың фотосуретін сәйкестікке бағалайтын AI моделін сәтті сынақтан өткізді. Яғни, болашақта азаматтарға жеке куәлік алу үшін тек eGove платформасында сәйкестендіруден өту, фото мен қолтаңбаны жүктеу, онлайн төлем жасау және құжаттың дайындығы туралы SMS күту қажет болады.

«2024 жылы ХҚКО операторлары 15,2 млн қызмет көрсетті. Бұл ретте өтініштердің 80%-ы он қызметке тиесілі. Біз мемлекеттік органдармен бірлесіп, бұл қызметтерді автоматтандыру және баламасыз, тек онлайн форматқа көшіру бойынша жол картасын әзірледік. Бірінші кезеңде: жеке куәлікті ауыстыру, электронды цифрлық қолтаңба беру, еңбек мигранттарына рұқсат беру қызметтері. Келесі кезекте тіркеу қызметтері: көлік, жылжымайтын мүлік, жерге қатысты құжаттар көшіріледі. Мақсатымыз – жыл соңына дейін халыққа қызмет көрсету орталығының жүктемесін 50%-ға дейін азайту»,  — деді министр.

Фото: kaztag.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу