Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Энергетика министрі жанар-жағармай бағасының қашан көтерілетінін айтты

Экономика
Энергетика министрі жанар-жағармай бағасының қашан көтерілетінін айтты

Энергетика министрі Алмасадам Сәткалиев 2025 жылғы 28 қаңтарда Үкіметтегі брифингте отандық тұтынушыларға жанар-жағармай мен газ бағасының қашан көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Министр бағаның көтерілуі туралы шешімнің қабылданғанын атап өтті. Оның сөзінше, сұйытылған мұнай газына да баға кезең-кезеңімен өседі.

Тауарлық газға қатысты да бағаның өсуімен байланысты белгілі бір индикаторлар бар. Үкіметтің негізгі ұстанымы – бағаға бақылау жасау үшін нормативтік және әкімшілік шараларды өзіне сақтап қалу. Яғни, бұл тауардың бағасы күрт көтерілмейді. ЖЖМ бойынша біз ақпаннан бастап бағаның кезең-кезеңмен өсетінін күтіп отырмыз, ал сұйытылған газ бойынша бағаның өсуі жақын арада болады, деді министр.

Оның айтуынша, тауарлық газ бойынша нарықта бағаның алғашқы көтерілуі биыл жазда болатыны болжанып отыр.

Баға өсімінің бірінші кезеңі былтыр болды. Онда баға ауқымы 54-тен 85 теңгеге дейін болған. Қазір 59-дан 90 теңгеге дейін, бірақ ол әр аймаққа байланысты. Яғни, біз жоғарғы шекті ауқымды шамамен 64-тен 98 теңгеге дейін орнатамыз. Бұл ауқымда баға аймаққа байланысты көтеріледі. Сонымен қатар, Үкімет әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасының күрт өсуін болдырмау үшін қажетті әкімшілік шараларды қабылдайды, деді ол.

Фото: bristolpost.co.uk

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу