Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Энергетика министрлігі: Қара теңіздегі танкер оқиғалары экспортқа әсер еткен жоқ

Экономика
Энергетика министрлігі: Қара теңіздегі танкер оқиғалары экспортқа әсер еткен жоқ
Фото: pixabay

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2026 жылғы 13 қаңтарда Қара теңіз акваториясында, Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы маңында қазақстандық экспорттық мұнайды тасымалдауға қатысқан екі танкермен болған оқиғаларға қатысты ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрліктің хабарлауынша, Мальта туымен жүрген «Matilda» танкері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы арқылы жалға алынған.

Кеме ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылына ұшыраған. Жарылыс тіркелгенімен, өрт болмаған. Экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Алдын ала техникалық бағалауға сәйкес, танкердің теңізде жүзу қабілеті сақталған, корпусында аса қауіпті зақымдар анықталмаған.

Сондай-ақ Либерия туымен жүрген «Delta Harmony» танкеріне де жүктеу жұмыстарына дайындық кезеңінде ҰҰА шабуылы жасалған. Нәтижесінде өрт шыққанымен, ол жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Оперативтік штабтың мәліметінше, оқиға кезінде кемеге мұнай тиеу жұмыстары жүргізілмеген, жүк цистерналары бос болған. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының экспорттық мұнай ресурстарына зиян келтірілмеген.

Энергетика министрлігі логистикалық тізбектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспорттық жеткізілімдердің үздіксіздігін сақтау мақсатында «ҚазМұнайГаз» ұлттық операторымен, консорциум әкімшілігімен және кеме иелерімен өзара іс-қимылды жедел түрде үйлестіріп отырғанын мәлімдеді.

Еске салсақ, бүгін Қазақстан мұнайы тиелген танкерлерді дрондар шабуылдады деген ақпарат тараған еді,

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу